» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ!

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ!


Тайландтың Чиангмай қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы 6 жүлдені қоржынға салды.
  Жекелей сында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынасқан Назерке Нұрғали рапид бойынша күміс жүлдені иеленсе, өз жас ерекшелігінде командалық есепте классикадан екінші болды.
  8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Кәусар Али командалық есепте рапидтен алтын, классикадан күміс жүлделерді еншіледі. 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсел Серікбай блиц және классикадан қола жүлделерге қол жеткізді.
  Жалпы жарысқа әлемнің 26 елінен 570 спортшы қатысты.
  Спортшылар № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады.
  17-30 сәуір аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқушылар арасында өтетін Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали мен Кәусар Али ел намысын қорғаса, Әсел Серікбай Алматы қаласында болатын ҚР чемпионатының финалына әйелдер арасында алғашқы рет бақ сынасады.
13 сәуір 2018 ж. 1 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 257

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728