» » Бейжің-2022: Қазақстан спортшыларының формасы ең стильді киім деп танылды

Бейжің-2022: Қазақстан спортшыларының формасы ең стильді киім деп танылды

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңдегі қысқы ойындардағы ұлттық құраманың үздік сәнді киім үлгісі тізімін жариялады. Үздіктердің қатарына қазақстандық спортшылардың киім үлгісі кірген, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.



«Қазақстан сән сынынан өтті», делінген ХОК мәлімдемесінде.
«ZIBROO спорттық киімінің қазақстандық өндірушісі ресейлік дизайнер Дмитрий Шишкинмен Бейжің 2022 үшін ынтымақтасқан. Топтаманың көк және ақ түстері мұз бен қарды бейнелейді, ал қара түс сәттілікті білдіреді», деп атап өтті Халықаралық Олимпиада комитетінен.
Сондай-ақ ХОК өз шолуында Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «ең жақсы сән дипломатиясы» деп атады.
Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның Олимпиадалық формасын да Бейжіңдегі ойындарда ең стильді киімдер рейтингіне қосқан болатын.
Қазақстанмен қатар Халықаралық Олимпиада комитеті мен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия спортшыларының образдарын ерекше атап өтті.
Өткен жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың киімі үздік сән үлгісі деп танылған еді.
Еске салсақ, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты бүгін етеді. Онда Қазақстан құрамасының өкілдері Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова мемлекеттік туды ұстап шығады.



04 ақпан 2022 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930