Құрылтай
» » Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді

Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді

Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық қысқы спорт түрлеріндегі Халықаралық федерациялармен бірлесе отырып, он қазақстандық спортшыға 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында арнайы стипендия бөлді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Бекітілген стипендиаттар тізімінде Юлия Галышева (фристайл-могул), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру спорты), Жанбота Алдабергенова (шаңғы акробатикасы), Ақмаржан Қалмұрзаева (шаңғы акробатикасы), Павел Колмаков (фристайл-могул), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Роман Креч (конькимен жүгіру), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул) және Сергей Ткаченко (шаңғымен тұғырдан секіру) сынды спортшылар бар.
ХОК талабы бойынша, әр елдегі ҰОК-терге бөлінетін стипендия көлемі өткен ойындарға қатысқан спортшылар арасында гендерлік теңдіктің сақталуына байланысты.
Сондай-ақ үміткерлерді іріктеу барысында олардың рейтингі мен спорттағы жетістіктері де қаралды.  Стипендияны ХОК 2019 жылдың соңынан бастап төлейді.
08 желтоқсан 2019 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 605
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 068

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31