» » 2 ел Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді

2 ел Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді

Канада олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиада ойындарына өз спортшыларын жібермейтінін жария етті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
Канада спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды екендігін айтып, Халықаралық олимпиада және Халықаралық параолимпиада комитеттері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Олимпиада ойындарын бір жылға кейінге қалдыруға шақырды.
2016 жылғы Рио Олимпиадасына Канададан 314 спортшы қатысып, 22 медальға ие болған еді.
Канададан кейін Аустралия олимпиада комитеті де коронавирус кеңінен етек алған қазіргідей жағдайда Токио Олимпиадасына өз құрамасын жинай алмайтынын, сондықтан келесі жылға әзірленетінін мәлім етті.
Рио Олимпиадасына Аустралиядан 421 спортшы барып, 29 медальмен бұл елдің құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға көтерілген болатын.
Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2020 жылғы Олимпиада ойындарына байланысты түпкілікті шешім төрт аптадан кейін қабылданатынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Жапониядағы жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Ұйымдастыру комитеті 24 шілде мен 9 тамызға жоспарланған жарысты бір айға немесе 45 күнге шегеру мәселесін де қарастыруы мүмкін.
24 наурыз 2020 ж. 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031