Құрылтай
» » 8 дүркін Олимпиада чемпионы спорттағы мансабын аяқтады

8 дүркін Олимпиада чемпионы спорттағы мансабын аяқтады

8 дүркін Олимпиада чемпионы спорттағы мансабын аяқтады
8 дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие норвег биатлоншысы Уле-Эйнар Бьерндален спорттағы мансабын аяқтады. Бұл жайында спортшы бүгін арнайы ұйымдастырылған баспасөз жиынында хабарлады.
44 жастағы спортшы 6 бірдей қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. 13 рет жүлделі орыннан көрінген. Оның 8-де алтын алған. Сондай-ақ 4 күміс 1 қола жүлдесі бар. Олимпиада ойындарындағы жүлделер саны бойынша отандасы Марит Бьоргенге (15 рет жүлде алған) ғана жол береді.
Уле-Эйнар Бьерндален әлем чемпионатында 45 рет жүлдегер атанған. Оның 20-да топ жарған саңлақ спортшы. Ал әлем кубогының жекелей кезеңінде 95 рет топ жарып, рекорд орнатқан. Үздік үштікке 179 рет енген. Әлем кубогының қорытындысы бойынша 6 рет жеңімпаз атанған.
Спортшы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алған жоқ. Ақ Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жоғары нәтиже көрсете алмады.
Уле-Эйнар Бьерндален 2016 жылы беларусь биатлоншысы, 4 дүркін Олимпиада чемпионы Дарья Домрачевамен отау құрды. Қазір бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы. 
04 сәуір 2018 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31