» » Қазақстандық үш боксшы Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстандық үш боксшы Олимпиадаға жолдама алды

Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Токио олимпиадасына іріктеу жарысында 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 келі) және былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 келі) олимпиада лицензиясына ие болды. Үш боксшы да іріктеу жарысының жартылай финалына шықты. Іріктеу ережесіне сай, төрттікке енген боксшылар Олимпиада жолдамасын алады. Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббоз Негматуллаевты, Левит тәжікстандық Давлат Болтаевты, Жүсіпов таиландық Вуттучай Масукті жеңді. Іріктеу жарысында Қазақстанның тағы жеті боксшысы олимпиада жолдамасына таласады. Токио олимпиадасы биыл 24 шілде 9 тамыз аралығына жоспарланған.
08 наурыз 2020 ж. 1 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 067
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031