» » Бокстан әлем чемпионаты: бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін жеті қазақстандық боксшы сынға түседі.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда елімізден үш боксшы жұдырықтасады: 52 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберджен Мартинес Риваспен күш сынасады, деп хабарлайды olympic.kz
63 келіге дейінгі салмақтағы Зәкір Сафиуллин Куба өкілі Энди Круз Гомеспен жұдырықтасады. Сондай-ақ, күндізгі сессияда 91 келідегі Василий Левит шаршы алаңға шығады. Левиттің қарсыласы – украиналық Марат Григорян. 
Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессия да тартысқа толы болмақ, тағы төрт боксшымыз сынға түседі:
57 келідегі Қайрат Ералиев таиландтық Чатчай Будтимен қолғап түйістіреді.
69 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов германиялық Ник Бирмен өзара мықтыны анықтайды. 
81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бразилиялық Кено Мачадоға қарсы жұдырықтасады, ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық боксшымен кездеседі. 


17 қыркүйек 2019 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930