» » Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жаттығуға кірісті

Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жаттығуға кірісті

Бүгін Бейжіңде Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындары алдындағы жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Қазақстан Ұлттық олимпидалық комитеті мәлім еткендей, спортшылар Олимпиадада жарыстар өтетін Ұлттық коньки тебу стадионында жаттығып жатыр.
Олимпиадада конькимен жүгіруден Қазақстан намысын Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников және Денис Кузин қорғайды. Ерлер арасында Денис Кузин мен Иван Аржаников екеуі де 1000 метрге жарысудан сынға түседі.
Сондай-ақ Аржаников 500 метрге, Дмитрий Морозов 1500 метрі мен масс-старттан өз бақтарын сынап көреді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Надежда Морозова 1000, 1500, 3000 метрге жүгірумен масс-старттан ел намысын қорғаса, Екатерина Айдова 500, 1000 және 1500 метрде жүгіруден сынға түседі.




30 қаңтар 2022 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930