Құрылтай
» » Бейжің-2022: Бүгін алғашқы іріктеу сындары басталады

Бейжің-2022: Бүгін алғашқы іріктеу сындары басталады


Бүгін, яғни 2-ақпан күні Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4-ақпанға жоспарланған. Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады. Ал 3-ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады.
Естеріңізге сала кетсек, фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің байрағын биыл алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шығады. Оның бірі - шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі - конькиші Екатерина Айдова. Екі спортшымыз да - құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар.




02 ақпан 2022 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31