» » Бейжің – 2022: ақ олимпиададан үміт бар ма?

Бейжің – 2022: ақ олимпиададан үміт бар ма?

ХХІV РЕТ ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕГЕН БЕЙЖІҢ – 2022 АҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА БҮГІН ТӨРТІНШІ КҮН. 109 МЕДАЛЬ САРАПҚА САЛЫНҒАН ЖАРЫСҚА ӘЛЕМНІҢ 95 ЕЛІНЕН 4 МЫҢНАН АСТАМ СПОРТШЫ СПОРТТЫҢ 15 ТҮРІНЕН БАҚ СЫНАУДА. СОНЫҢ ІШІНДЕ БІЗДІҢ ЕЛДІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАУҒА 34 СПОРТШЫ АТТАНДЫ.
Олимпиада жалғыз Бейжіңде емес, оның қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында өтіп жатыр. Мәселен, Бейжіңде хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг, шорт-трек, конькимен жүгіру спорт түрлері өтсе, Яньцинде бобслей, шана, скелетон, тау шаңғысы сарапқа салынуда. Ал жүлденің көбі Бейжіңнен 180 шықырым қашықтықта орналасқан Чжянцзякоуда үйлестіріледі. Онда шаңғы жарысы, биатлон, қоссайыс, трамплиннен секіру, фристайл, сноуборд өтеді. Мамандар биылғы олимпиа­дада жүлде санының көбейгенін айтады.
Ақ олимпиаданың салтанатты шеруінде Қазақстанның Мемлекеттік туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова алып өтті. Қысқы олимпиадада 87 жолдама ұтып алған ұлттық құрама сапындағы спортшылар шаңғы, фристайл, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, биатлон, конькимен жүгіру және шорт-трек сияқты спорттың сегіз түрінен сайысқа түседі.
Жарыстың алғашқы күнінде-ақ шорт-тректен отандастарымыз Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова аралас эстафетадан ширек финалға сынға түсті. Алайда, жерлестеріміз 1000 метрлік қа­шықтықты өз тобында 2:43, 02 уақыт көрсеткішімен бағындырып, үшінші орынға ие болды. Бірақ бұл көрсеткіш олардың жарысты ары қарай жалғастыруына мүмкіндік бермеді.
30 шақырымға созылған шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлонда Виталий Пухкалов осыдан төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-ші орынға тұрақтаса, тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алмады. Енді спортшылар 11 ақпанда 15 шақырымдық классикалық әдіс, сосын 50 шақырымдық масс старт жарысында бақ сынайды.
Конькимен жүгіруде 23 жастағы спортшы Надежда Морозова 3000 метрлік қашықтықта бақ сынап, 4:04, 07 уақыт көрсеткішімен жүлдеге іліге алмай, 13 орынға тұрақтады. Алайда ол осы көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты.
Жүлдеден үміт күткен спортшы­ларымыздың бірі – Юлия Галышева фристайл-могулдан Олимпиаданың фи­налдық кезеңіне өтті. Әзірге Қазақс­тан қоржынына ешқандай медаль түскен жоқ.
Олимпиаданың бір ерекшелігі ген­дерлік саясатқа қатты мән берілгені. Яғни әйел спортшылардың үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 41 пайыздан 45-ке дейін көбейген. Одан бөлек карантинге байланысты шетелдік жанкүйерлер келіп қолдау көрсете алмайды. Тек тікелей көрсетілім арқылы тамашалай алады. Ал жергілікті көрермендер ғана жарысты көре алады. Ол үшін COVID-19-ға қарсы талаптардың барлығын сақтауы тиіс.
Естеріңізде болса, осыған дейін қысқы олимпиадаларда қоржынымыз медальдарға қарық болмады. 2002 жылы Солт-Лейк-Сити мен 2006 жылы Туринде жүлдесіз қалдық. Спортшыларымыз тұғырдан көріне алмады. 2010 жылы Ванкуверде өткен ақ олимпиадада Беларусь елінен келген легионер Елена Хрус­талева биатлоннан күміс медаль әперсе, 2014 жылы Сочиде Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан, 2018 жы­лы Юлия Галышева Пхенчханда фристайлдың могул түрінен қола жүлдені жеңіп алды. Енді Бейжіңде өтіп жатқан сайыста отандастарымыз жүлдесіз қайтпаса игі деген тілегіміз бар. Жарыс жолындағы спортшыларымызға қолдау көрсетіп отырайық.
Ерсін ӘЛІБАЙ
08 ақпан 2022 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031