» » Ел Ерланды еске алды

Ел Ерланды еске алды

Біраз жыл бұрын ел үмітін ақтап жүрген спортшымыз Ерлан Нысанбаев жасындай жарқ етті. Жастайынан бокс спортынан ойып тұрып із қалдырып, республикалық, әлемдік деңгейде топ жарған-ды. Бір сөзбен айтқанда нар тұлғалы азаматтың орны Сыр спорты үшін ойсырап тұр. Десек те, ел үмітін ақтаған Ерланды ел есінде сақтау жыл сайын үлкен деңгейде ұйымдастырылып келеді. Өткен аптада Сыр саңлағын еске алуға арналған бокстан 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир жетінші рет ауданда жалауын желбіретті.
Дәстүрлі додаға Қызылорда, Байқоңыр қаласынан және облысқа қарасты аудандардан 16 команда, 200 спортшы 17 салмақ бойынша жұдырықтасты. Турнирдің негізгі мақсаты – облыс көлемінде боксты дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру. Жасөспірімдер арасында олимпиадалық спорт түрін насихаттап Ерлан Нысанбаевты еске алу, облыс құрама командасын іріктеу болып табылады.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы қатысып, жасындай жарқ еткен спортшының өмірі келешек жас ұрпаққа өнеге екенін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң көк Туымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды.
Дарынымен дараланған Ерлан Бақытжанұлы 1989 жылы Қармақшы топырағында дүниеге келген. Кент орталығындағы №250 мектепте білім алып, Алматы қаласындағы әскери-спорт мектебін бітірген. Жастайынан спортқа жақын өсіп, бокстан бірнеше мәрте республикалық және облыстық додаларда елдің абыройын асқақтатты.
Жалауын желбіреткен тартысты турнир төрт күнге созылып, нағыз боксшылардың бағын сынады. Бірінші күннен-ақ спортшылар рингте жұдырықтасып, мықтылар өз шеберлігін көрсетсе, жеңілгендер жарыс шеңберінен шығып жатты. Залда жиналған жұрт қолпаштау білдірсе, жанкүйерлер жерлестеріне қолдау көрсетуден аянбады. Рингтің сыртында «Қаттырек соқ, оң қолмен» деген жаттықтырушының да айқайы спортшыларға дем беріп қамшылатқандай. Ал қалың көрерменнің «Жарайсың, азамат! Тағыда ұр, артқа шегінбе» дегені одан бетер жігерлендіруде. Осындай қолдаудан күш алған спортшы жігіттер қарсыласын ауыр соққысымен есеңгіретіп, мықтылығын дәлелдеп, жүздері бал-бұл жанып, халықтың ду қошеметіне бөленді. Тамаша тартыс бокс әлеміне енді қадам басқан балалар үшін өзін көрсетуге, қабілетін байқауға жақсы мүмкіндік бергендей. Қарап тұрсаңыз, келешек жас жеткіншектің боксқа деген қызығушылығы жоғары. Оны кешегі жарыста әбден байқадық.
Жарыс қорытындысында жерлестеріміздің асығы алшыннан түсіп, жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ 32 келі салмақ дәрежесінде Нұрасыл Құлпыбаев ІІ орын, 34 келі салмақта Диас Саят ІІ орын, 57 келі салмақта Ақылжан Амангелдиев жүлделі ІІ орынды иеленсе, 46 келі салмақта Әли Ғарифуллаұлы, 48 келі салмақта Фараби Әбішов, 60 келі салмақта Ердәулет Маратұлы, 63 келі салмақта Азамат Жолмырзаев және 66 келі салмақта Әлібек Шәкеновтер І орынға жайғасып, жеңімпаз атанды.
Спортшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталса, сонымен қатар демеушілер дайындаған арнайы медал мен кубоққа ие болды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

30 қазан 2021 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 290

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930