» » Жасындай жарқылдаған шоқ жұлдыз

Жасындай жарқылдаған шоқ жұлдыз

Дәл осындай атақпен жерлесіміз Ерлан Нысанбаев халыққа танылған. Жастайынан бокс спортына ойып тұрар із қалдырып, республикалық және әлемдік деңгейде топ жарған спортшымыз өмірден ерте озды. Бұл күнде аудан спортына өзіндік үлес қосқан Ерлан Бақытжанұлын еске алу мақсатында жыл сайын бокс біріншілігі ұйымдастырылады.
Өзгеден оқ бойы озық болған азаматтың арамыздан кеткеніне қазіргі таңда 12 жыл өтіпті. 1989 жылдың ақпан айында ауданымызға белгілі дәрігер Бақытжан Нысанбаевтың отбасында дүниеге келген Ерлан Нысанбаев жастайынан ақкөңіл, жайдары мінезді әрі жан-жақты еді. 2005 жылы аудандағы №250 мектептің 9 сыныбын тәмамдап, екінші елордамыз Алматы қаласындағы әскери колледжге оқуға түседі. Мектеп кезінен-ақ аудандық жасөспірімдер спорт мектебіндегі бокс үйірмесіне қатысып, талмай еңбек етуінің арқасында Қызылорда қаласының чемпионы атанады. Сондай-ақ спорттық мансабында Арал қаласында өтетін Зібайраевті еске алуға арналған республикалық турнирдің бірнеше дүркін жеңімпазы атанады. 2004 жылы Қарағандыда С.Нұрқазовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде ІІІ орынды иеленсе, Ақсудағы халықаралық турнирдің чемпионы атанады. 2005 жылы Алматыдағы «Күріштілер» турнирінде І орынды иеленіп, чемпион атағын жеңіп алады. Алматы қаласында жүрген кездің өзінде қаланың бокс құрамасындағы 69 келі салмақ дәрежесінде «нөмірі бірінші» спортшы атанады.

Бүгінде ауданның мақтан тұтар спортшысын еске алуға арналған турнирлерде артынан ерген жас боксшылар бақтарын сынап жүр. Ағымдағы жылы VI мәрте өткізілген біріншілікке 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Турнир Ерлан Нысанбаевты еске ала отырып, жасөспірімдер арасында бокс спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында өтті.
– Жасындай жарқ еткен жұлдыз, жас болса да ауданның спорт әлеміне өзіндік үлес қосқан Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Міне, осы аудан мақтанышы болған спортшымыздың артынан ерген жас ұрпаққа болашақта жоғары дәрежеге жетіп, бокс спортында биік белестерді бағындыруын тілеймін, – деп, аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров турнирді ашып берді.


Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде әр салмақ дәрежесінде қатысқан жеңімпаз боксшыларды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабев және Ерлан Нысанбаевтың бауырлары мен достары марапаттап, сый-сияпат жасады.
Атап айтар болсақ, 32 келі салмақта Серік Бердібеков (Қармақшы), 44 келі салмақта Бейбарыс Ефенов (Қармақшы), 46 келіде Айдын Наурызбекұлы (Қармақшы), 48 келіде Арсен Болатов (Қармақшы), 50 келіде Рамазан Мамырбекұлы (Қызылорда), 52 келіде Алихан Даулетов (Атырау), 54 келіде Досымжан Мұратов, 57 келіде Өркен Нағашыбаев (Қармақшы), 60 келіде Айбек Ахметбеков (Қармақшы), 63 келіде Алихан Нұрзақ (Алматы), 66 келіде Диас Туретай (Атырау), 70 келі салмақ дәрежесінде Біржан Садуақасов (Сырдария) және 80 келі салмақ бойынша Аманжолов Асылхан (Қармақшы) атты боксшылары І дәрежелі орынды иеленді.

Сондай-ақ «Үздік боксшы» номинациясы бойынша Бейбарыс Ефенов (Қармақшы), «Белсенді жігерлігі үшін» номинациясымен Ерасыл Самалбеков (Қармақшы) марапатталды.

Қысқа ғана ғұмырында өшпес мәңгі із қалдырған аудан мақтанышы, бокс саласының үздігі Ерлан Бақытжанұлы Нысанбаевты еске алуға арналған кезекті республикалық бокс турнирі жоғары дәрежеде өтті.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
26 қараша 2019 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031