» » Жеңіліс және нокдаун: Әлем чемпионатының төртінші күні қалай өтті?

Жеңіліс және нокдаун: Әлем чемпионатының төртінші күні қалай өтті?

Әлем чемпионатының төртінші күнінде 3 отандасымыз өнер көрсетті. Олардың екеуі үшінші кезеңге жолдама алды. Өкінішке орай бір боксшы жеңіліс тапты, деп хабарлайды  vesti.kz сайты. 

чемпионат
Чемпионаттың екінші айналымында Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Кристиан Паласионы жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. 
"Тек жақсыға ғана ниеттендік. Жаттықтырушылар дайындады. Оларға алғысым шексіз. Жаттықтырушылардың тактикасының арқасында жеңіске жеттім", - деді Жүсіпов.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшы келесі кезеңде поляк спортшысы Дамиан Дуркачпен кездеседі. 
Екінші кезеңде жекпе-жек өткізген Серік Теміржанов Азия чемпионы жапониялық Рейто Цуцумиді нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті. 
"Әлем чемпионатында жай қарсыластар болмайды. Барлығын зерттеп, дайындаламыз. Тактикалық және психологиялық тұрғыдан. Тек жеңіске ұмтылатын боламыз", - деп пікір білдірді Теміржанов. 
Серік Теміржанов келесі кезеңде үндістандық Рохит Мормен жұдырықтасады. 
Нұрлан Сапарбай чемпионаттағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. 92 келіге дейнігі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз испаниялық Аюба Гадфадан жеңілді. 
29 қазан 2021 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 100

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 471

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031