» » Головкиннің бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедовты қарсыласы сұлатып салды

Головкиннің бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедовты қарсыласы сұлатып салды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедов жеңіліс тапты, деп хабарлайды. Ол екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулына таласқан еді.

али
Головкин-Шеремета андеркартында өткен жекпе-жек барысында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов 11 раунд бойы эквадорлық Карлос Гонгорадан басымдық танытқан болатын. Алайда, 12-раундта иек астынан ауыр соққы алған Әли нокдаунға түсіп қалды.
Дегенмен, тез ес жиып, жекпе-жекті жалғастырған Қазақстан боксшысы екінші мәрте де дәл сондай апперкоттан нокаутқа түсті. Осылайша, бұған дейінгі 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора IBO әлем чемпионы титулын жеңіп алды.
Бұл Әли Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі.
19 желтоқсан 2020 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 901
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930