» » Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Отандасымыз Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны ұтты. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Бүйірден тиген соққыдан кейін түрік боксшысы бір тізерлеп алды. Кейінгі екі раундта боксшылар бір-бірінің осал тұсын аңдып, жекпе-жекті жалғастырды. Бейбіт әр сәт сайын шабуылдап, қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырумен болды.  Шаршы алаңдағы Бейбіттің басымдығы төртінші раундта да байқалды.  Қаша жүріп жұдырықтасқан Хизни де қалысып қалмады. Реті келгенде соққы жасап қалуға ұмтылды. Бірақ түрік боксшысы төзімділік танытып, соққылардан сытылып шығумен болды. Тоғызыншы раундта Бейбіттің дөп тиген тағы бір соққысынан кейін Хизни Алтункая екінші рет нокдаун алды. Тоғызыншы раундтан кейін түрік боксшысының жаттықтырушылары жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Бейбіт Шүменов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық атағын иеленді.

07 шілде 2018 ж. 1 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 847
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 568

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930