» » Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады

Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады. Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Ал қай қалада және қай аренада болатыны әзірге белгісіз. 35 жастағы жапон боксшысы өткен жылдың тамыз айында пуэрто-рикалық боксшы Мигель Коттомен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберген. Карсонда өткен бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық бос белбеуге таласқан еді. Йошихиро Камегаи кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізген. 27 рет жеңіске жеткен. 24 қарсыласын нокаутпен ұтқан. 4 рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен. Айта кетейік, Қанат Ислам ақпан айында танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуын бастаған еді. Қанат 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанды. Қазақ боксшысы соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.

18 мамыр 2018 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930