» » Жекпе-жекке бірер күн қалғанда Данияр Елеусіновтің қарсыласы ауысты

Жекпе-жекке бірер күн қалғанда Данияр Елеусіновтің қарсыласы ауысты

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні Лондонда өткізеді. Кездесуге бірер күн қалғанда отандасымыздың қарсыласы ауысты. Данияр "York Hall" аренасында өтетін бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы жаттығу кезінде жарақат алып, жекпе-жекке шықпайтын болды. Оны екінші бір мажар боксшысы Золтан Шабо алмастырды. Отандасымыздың жекпе-жегін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Золтан Шабо кәсіпқой боксқа 2016 жылы ауысқан. 2 жыл ішінде 34 жекпе-жек өткізген. Алғашқы 9 жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жеткен. Қазіргі таңда боксшы кәсіпқой шаршы алаңда 23 рет жеңіске жетіп, 11 рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Ол Ұлыбританияда 7 жекпе-жек өткізген. Сондай-ақ өз елінен өзге Германия, Украина, Италия мен Ресей шаршы алаңдарында бақ сынаған. Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.
05 маусым 2018 ж. 1 148 1

JeaCold от 13 ақпан 2019 18:23
Amoxicillin Puppy Dose Zithromax Dosage For Gonorrhea buy cialis online Cialis Acquisto In Farmacia Kamagra Vente Libre Hollande Cialis Por Vida

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930