» » «Барыс» жеңіске жетті

«Барыс» жеңіске жетті


Құрлықтың хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубы төрт жеңілістен кейінгі бесінші ойынында жеңіске жетті. Елордадағы «Барыс Аренада» өткен кездесуде жерлестеріміз Қытайдың «Куньлунь» командасынан басым түсті.

Тұрақты біріншіліктің кейінгі бес ойынының төртеуінде жеңіске жеткен «Куньлунь» елордаға жақсы көңіл күймен келді. Алайда төрт ойын қатарынан жеңіліп, жеңіске сусап қалған «Барыс» бұл ойында барын салды. Жерлестеріміз алғашқы кезеңді сәтті бастады. Бірінші 20 минуттың орта тұсында «Барыстың» швециялық шабуылшысы Якоб Лилья әріптесінің тамаша пасынан кейін қарсыластың қақпасын дәл көздеді.

Кезең соңына дейін сан басымдығына ие болған «Барыс» хоккейшілері ұтымды сәтті тиімді пайдаланып қалуға тырысты. Нәтижесінде, кездесудің 14-минутында биылғы маусымда елорда командасына қайта оралған Мэтт Фрэттин мергендігімен көзге түсті. Бұл – канадалық шабуылшының осы маусымдағы алғашқы голы.

Екінші кезеңнің басында қонақтар тізгінді өз қолдарына алды. 24-минутта Николишиннің дәл соққысы қақпадан табылып, есеп айырмасын қысқартты. Ал үшінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Бұл жеңісінен кейін жерлестеріміз 18 ұпаймен 10-орынға тұрақтады. «Барыс» келесі ойынын ертең Риганың «Динамосымен» өткізеді.


02 қараша 2020 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930