» » «Барыс» клубы жартылай финалға шықты

«Барыс» клубы жартылай финалға шықты

Астанада «Барыс» пен «Торпедо» арасындағы Гагарин кубогы плей-офф сериясының шешуші жетінші матчы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Алаң иелерінен ойынның 1-ші минутында Даррен Диц қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Алайда, «Торпедо» ойыншысы Антон Волченков таразы басын теңестірді.
«Барыс» екінші кезеңнің ортасында тағы да алға шықты. Кездесудің 32-минутында Мэттью Фрэттин мергендік танытты. Дегенмен «Торпедо» командасы жеңісті қолдан бергісі келмеді. Көп ұзамай таразы басы теңесті. Бұл жолы Дмитрий Сёмин көзге түсті.
Дицтің дублі «Барыс» клубын 3-сиренаға 8 минут қалғанда үшінші рет алға шығуға көмектесті. Нәтижесінде бұл шайба матчтағы және сериядағы шешуші болды. Осылайша «Барыс» командасы 3:2 есебімен жеңді.
«Барыс» Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне шықты. Жартылай финалда Омбының «Авангард» командасымен айқасады. «Барыс Аренадағы» матчты он мыңнан астам көрермен тамашалады.

11 наурыз 2019 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930