» » Футбол: Қазақстандық ойыншы Ресей чемпионатында ерекше көзге түсті

Футбол: Қазақстандық ойыншы Ресей чемпионатында ерекше көзге түсті

Футболдан Ресей чемпионатының төртінші турында «Уфа» командасы өз алаңында Дондағы Ростовтың «Ростовын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ростов» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов алаңға шығып, өз командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосты.
Осыған дейін үш ойында небәрі үш ұпай жинаған, белгілі ресейлік футболшы әрі маман Валерий Карпин жаттықтыратын «Ростовтың» жаңа маусымдағы қарқыны онша емес-ті. Ал уфалықтар 4 ұпаймен сәл алда тұрған. Матчтың 39-минутында өрескел тәртіп бұзған «Уфаның» жартылай қорғаушысы Вячеслав Кротов алаңнан қуылып, командасын қиын жағдайда қалдырды. Көп ұзамай Б.Зайнутдинов қақпа бұрышын дәл көздегенімен, уфалық қорғаушы Алексей Никитин командасын голдан аман алып қалды. Бұдан кейін қақпашы Александр Беленов өзбекстандық Эльдор Шомуродовтың гол соғуына мүмкіндік берген жоқ. Матч тағдыры екінші таймда шешілді. 79-минутта сол қапталдан суырылып шыққан Б.Зайнутдиновтың қақпаға қарай берген добын командаға жаңа маусымда келген жапониялық Кенто Хашимото баспен дәл түсірді. Осылайша Бактиер нәтижелі пас авторы атанды.
Ростовтықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді.
26 тамызда өтетін бесінші турда «Ростов» өз алаңында «Урал» (Екатеринбург) командасын қабылдайды.


24 тамыз 2020 ж. 736 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930