» » Футболдан әлем чемпионаты тарихындағы рекордтар

Футболдан әлем чемпионаты тарихындағы рекордтар

Футболшылар үшін әлем чемпионатына қатысу арман болғанмен, доп додасында ерекше рекорд орнатып, тарихта қалу – кез келгенге түсе бермес бақыт. Назарларыңызға футболдан әлем чемпионаттарында болған рекордтарды ұсынамыз: – Бір матчта ең көп гол соғу бойынша рекорд Реcей құрамасының шабуылшысы Олег Саленкоға тиесілі. Ол 1994 жылы әлем чемпионатында Камерун қақпасына бес гол соққан. – Әлем чемпионатының финалында хет-трик жасаған бір ғана ойыншы бар. 1966 жылы ағылшын футболшысы Джеффри Херст ақтық ойында ФРГ құрамасының қақпасына үш гол соққан. – Әлем чемпионатындағы ең жылдам голды түркиялық Хакан Шүкір салды. Осыдан 16 жыл бұрын Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен әлемдік додада Хакан кәрістер қақпасына бар болғаны, 11 секундта гол соққан. – Солтүстікирландиялық Нормен Уитсайд аталмыш турнирдің финалдық ойындарына қатысқан ең жас футболшы болып тарихта қалды. Әлем чемпионатында алаңға шыққанда ол 17 жаста болатын. – 2006 жылғы әлем чемпионатында швейцариялық қақпашы Паскаль Цубербюлер мүлдем гол жіберген жоқ. Топтық кезеңнің үш матчында өз қақпасын голдан сақтап қана қоймай, 1/8 финалда Украина құрамасынан (0:0) да гол жіберген жоқ. Өкінішке қарай, оның құрамасы пенальти сериясында ғана қарсыласқа жол берді. – Уругвайлық Хосе Батиста әлем чемпионатында ең жылдам қызыл қағаз алған футболшы болып есте қалмақ. Ол Шотландияға қарсы ойында 56-секундта алаңнан қуылған. –Құраманы әлем чемпионатына алып келген ең жас бапкер – аргентиналық Хуан Хосе Тримутола. Оның жасы небәрі 27-де болатын. – Әлем чемпионатындағы ең ірі есеп 1982 жылы Венгрия – Сальвадор арасындағы кездесуде тіркелді. Венгриялықтар 10:1 есебімен жеңіске жетті. – Ал 1954 жылғы әлемдік додада Австрия – Швейцария (7:5) арасындағы ойында 12 гол соғылды. Бұл әлем чемпионаты тарихында бір ойында ең көп гол соғылған матч саналады.

20 маусым 2018 ж. 1 940 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930