» » «Қайсар» кеншілерден басым түсті

«Қайсар» кеншілерден басым түсті


Қазақстанда футболдан ел біріншілігі қайта жалғасын тауып, IV тур ойындары Алматы қаласында өтті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

Бұл турда қызылордалық «Қайсар» кеншілермен кездесіп, 1-0 минималды есебімен жеңіске жетті. Қос команда алғашқы таймда шабуылға ден қойғанымен, қақпа саңылауын таба алмады. Ойынның екінші жартысында екі ұжым да ашық шабуылға көшіп, қауіпті сәттер ұйымдастыра білді.

Кездесудің 67-минутында «Қайсар» командасы есепті ашты.

Александр Станисавлевичтың айып алаңына асырған добына Александр Марочкин бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Есеп 0-1!

Сусымалы есеп ойын соңына дейін сақталып, қасқырлар чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

3 ойын нәтижесі бойынша «Қайсар» 7 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде IV орынға жайғасты.
20 тамыз 2020 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 014
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031