» » Теңбіл доп бәсекесі

Теңбіл доп бәсекесі


  ЖОСАЛЫ, 21 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Мектеп футзалы әрбір сенбі сайын аудан командаларының басын біріктіруде. Кезекті кездесу №250 мектеп-лицейінде өтті. Өткен сенбіде жалауы желбіреген ІІ шағын лиганың екінші кезеңі де өте шықты. Кездесудің кезекті турында команда ойыншыларының қызу дайындықпен келгені ойын барысында анық көрінді. Алдыңғы аптада есе жіберген командалар бұл жолы қарымта қайтарды. Тарқатып айтсақ.
Әдеттегідей №105 мектеп бүгін №183 мектеп командасын қабылдады. Өткен аптада жақсы ойын көрсеткен №105 мектеп ойыншылары бұл жолы аса қырағылық танытпады. Ойынның бірінші бөлігінде-ақ қарсы командаға бір гол есе жіберіп алды. Дегенмен намысты қолдан бермей ойынның екінші жартысында есепті теңестіріп, ойынның соңына дейін шабуылды үдетудің арқасында №183 мектеп командасын 6:2 есеппен ұтты. Одан кейін «РОВД» мен «Жаңа халық» арасындағы ойын қарымта кездесу ретінде өрбіді. Тентекті тезге салып жүрген тәртіп сақшылары бүгінгі ойында шеберліктерін көрсетіп, қарсыласын қапы қалдырды. Ойын болған соң ойыншылар арасында қызуқандылық қатар жүретіні белгілі. Төреші Мақсат Бекмамбетов ойын ережесін бұзған ойыншыға сары қағазын көтеріп, ескерту жасады. Есеп 4:3.

   Бірінші кезеңде есепті тең ұстап қалған «Аудан әкімінің аппараты» бұл жолы «Жастар» командасымен сынға түсіп ойынды сәтсіз аяқтады. Я, «Жастардың» ойыншылары өздерінің жалындап тұрғанын бүгінгі ойында тағы дәлелдеп, 3:10 есебімен айды аспанға бірақ-ақ шығарды.
«Ерлер ырғасып сынасады» демекші, өзінен күші басым қарсыласпен ақырына дейін алысып, басым түскен «Емхананың» ойыншылары бүгінгі кездесуде «Білім бөлімі» командасын әбден састырды. Қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланған олар, шабуылды ширата түсіп қақпашыны тығырыққа тіреді. Есеп 2:1, ұпай «Емхана» еншісінде.
   Ойын соңына да жеттік. Кездесу басталысымен ойын басымдығы №250 мектеп-лицейінің еншісінде болды. Бұл команданың мықтылығын айтпаса да белгілі. Ал №105 мектеп ойыншыларына футзал жақпады ма әлде шаршап қалды ма ойын аяғында белсенділік көрсете алмады. №250 мектеп-лицейі командасына жол беріп, ойынды 8:0 есебімен аяқтады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 қаңтар 2020 ж. 1 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031