» » Теңбіл доп тартысы

Теңбіл доп тартысы

ЖОСАЛЫ, 4 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Аптаның сенбісін асыға күткен футбол жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Тартысты теңбіл доптың төртінші кезеңін қабылдаған №250 мектеп-лицейінің футзалы көрерменге де, әуесқой аяқ допшыларға да жақсы көңіл күй сыйлады. Бүгін төрешілер өзгерген. Өткен аптада есе жібергеннің бүгін айы оңынан туды. Ал ойын көрсете алмаған командалар жинаған ұпайларын қанағат тұтып қайтты. Сонымен кеңінен тоқталсақ...
   Ойынды бірінші бастаған «Жастар» мен №183 мектеп командасы футзалда еркін ойнады. Екінші чемпионат басталғалы үш кезең бойы ұпаймен екінші орынды місе тұтып келе жатқан жастарға бұл күн сәтті болмады. Ал өткен ойында №250 мектеп-лицейімен қарсыласып сес көрсеткен №183 мектеп ойыншылары бүгінде сол қарқынды күшейтті. «Жастар» командасына соққыны үдету мен қатар қақпашыны да әбден састырды. Осы шабуылдың арқасында допты аямай салып, есепті 2:6 етті. Ұпай №183 мектеп еншісінде.
   Ойында бәс тіккендер өздерінің командаларына дем беріп отырды.
  «Жаңа халық» пен «Аудан әкімі аппараты» арасындағы бәсеке тартысты өтті. Қызу дайындықпен келген аяқ допшылар оңайлықпен беріспеді. Бірі – гол салса, екінші жақ – жауап қайтарып ойын аяғына дейін есепті тең ұстады. 5:5.
    Алдыңғы ойындарда ептілігімен жақсы көрсеткішке қол жеткізіп жүрген «АІІБ» бұл жолы төбе көрсете алмады. Кездесуде «Білім бөлімі» командасын қабылдап, жол берді. Иә, білім бөлімінің жігіттері жылдам қимылдап, шабуылын ширатты. Қарсыласының қателігін тиімді пайдаланған олар, ойынның соңғы минуттарында допты сол қапталдан дәлдеп салып, 4:6 есебімен алға шықты.
    «Жастар» командасы соңғы ойында қайта шықты. Бұл жолы жеребеде №105 мектеп-лицейі түсті. Бәрінің ойында бір сұрақ, кім жеңеді? Екі команда да жастардан құралған. Бап шаба ма, әлде бақ шаба ма? Жанкүйердің «Жастар» мықты деген жан айқайы олардың рухын көтергендей болды. Төрешінің ысқырығы ала допқа тап беруге рұқсат етті. Тартыс басталды. Екі жақ допты бірінен-бірі әкетіп, қақпаға қарай бағыттауда. Алғашқы гол да соғылды. «Жастар» алда. №105 мектеп-лицейі ойыншылары алдыңғы ойынға қарағанда бұл жолғы қарқыны мықты. Қарымта қайтаруды мақсат етіп келген олар кез келген тұстан шабуылды үдетіп қарсылас қақпашыны қыспаққа алды. «Жастар» командасының ойыншылары шаршағанын білдірді ме, қақпашысы еш қауқар танытпады. №105 мектеп-лицейі алдыңғы сапқа қайта жайғасып, ойынды 3:8 есеппен аяқтады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
04 ақпан 2020 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031