» » Қарымта қайтарған күн (фоторепортаж)

Қарымта қайтарған күн (фоторепортаж)

Жыл басталғалы спорт саласында «Бісміллә» деп басталған жағымды жаңалықтар легі әзірге қуантарлық. Соның ішінде футболдан көрсеткішіміз жаман емес. Жаңалықтан бастасақ. Кешегі аптада Қазалы ауданында дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен кіші футболдан 2006-2007 жылы туылған балалар мен жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті. Онда «Қармақшы» командасы ІІІ орынды олжалады. Ойыншылар арасында Бекзат Арғынғалиев «Үздік қорғаушы» атанып аудан мерейін көтерді.
Енді өзімізге оралсақ. Ауданда өтіп жатқан футболдан ІІ чемпионат аясында командалар арасындағы тартыстың үшінші кезеңінде өткен аптаға қарағанда белсенділік байқалмады. Ойын барысында төрешінің ысқырығына келіспей, біраз ашуға бой алдырғандар да болды. Иә, әдетте футбол осындай жақтарымен қызық. Себебі бұл бәсекеде жан беріп, жан алысады.
№250 мектеп-лицейі мен «АІІБ» командасы арасындағы ойын жәй өрбіді. Ойыншылар ойынның жартысына дейін аса шапшаңдық көрсетпеді. Дегенмен тәртіп сақшыларының қақпасына екі гол алыстан бағыттап салынды. №250 мектеп-лицейдің қақпашысы Нұрғиса Бектібаев қарсылас команданың кез келген тұстан келген добын қайтарып отырды. Алайда екі голды қақпасына өткізіп алып ойын аяғына дейін есепті 6:2 етті. Ұпай №250-дің еншісінде.
Ойын барысында жарақат алып дәрігерлік көмекке жүінгендер көп болды. «Жастар» командасы бүгінгі ойында «Білім бөлімі» командасын қабылдап тағы да 5:2 есеппен алға шықты. Ал есепті теңестірген «Емхана» мен «Аудан әкімі аппараты» бүгінгі ұпайын қанағат тұтты.
Өткен аптада алдыңғы сатыдан көрініп жүрген №105 мектеп, бұл ойында «Жаңа халық» командасына есе жіберді. Жігіттерге көз тиді ме, ойында төбе көрсетпеді. 3:5 есеппен алға шыққан қаржыгерлердің жолы болып, алдыңғы сапқа жайғасты.
№250 мектептің әзірге дайындығы мен ойын әдісі өзгелерден ерекше. Ұжым болып ойнауы қимыл әрекетінен көрініп-ақ тұр. Ал осы командамен қарсыласқан №183 мектептің ерлігін айтпай кету мүмкін емес. №250 мектепке үш гол жауап қайтаруы оларға сес көрсеткенмен бірдей. Есеп 11:3

Ерсін СӘДУҰЛЫ








28 қаңтар 2020 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031