» » Теңбіл доп додасы

Теңбіл доп додасы

    Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына биыл 28 жыл толып отыр. Елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің арқасында келді. Халықтың сан ғасыр бойы еркіндікті аңсаған арманы орындалды. Ал егемендік алу жолында азаттық үшін күрескен боздақтарды еске алу – ол әрбіріміздің міндетіміз.

    Аудан орталығындағы №183 орта мектебінде шағын футболдан өткен облыстық турнир Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналды. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл шара биыл да желтоқсаншы Ерлан Бисенбаевтың ұйымдастыруымен спортсүйер қауымын білім ошағына тоғыстырып, жалғасын тапты.
    Жиында аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ұлттық мерекемен жиналған жұртшылықты құттықтап, жарысқа катысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Желтоқсан оқиғасының куәгері Қали Бүркітбайұлы да сөз алып, азаттық жолында алаңға шыққан арыстарымыз халықтың жадында мәңгі қалатынын жетізді.
    Теңбіл доп додасына жасөспірімдер арасында өңірден сегіз команда бақ сынады. Футболдың көрігін қыздырған спортшылар қызу тартыс көрсетті. Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардың үлес салмағының өзі дәлел. Жеңімпаз командаларды Жетоқсаншы қонақтар арнайы номинациялар мен марапаттап, спортта жоғары табыс тіледі. Жарыстың жүлдегерлерін атап айтар болсақ І орынды Ақжар ауылының командасы, ІІ орынды Байқоңыр спорт мектебі алса, ал ІІІ орынға аудандағы №15 спорт мектебі жайғасты. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» Ғалымжан Пірәлі, «Үздік қорғаушы» Данияр Сүлейменов, «Үздік сұрмерген» Абай Ерғазы, «Үздік қақпашы» Асхат Әлдиев, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Жандияр Қайыржановтар танылды. Жеңімпаздарға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломы, демеушілердің кубогы мен медальдары табысталды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 желтоқсан 2019 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930