Марафон

Облысымыздың орталығында тұратын Әбдуали Убайдуллаұлы деген азамат бар. Ұзақ жылдар қалалық ішкі істер бөлімінде қызмет істеп, майор шенімен зейнеткерлік демалысқа шыққан. Дүр Оңғар ауылының тумасы.
Өрімдей бозбала кезінде спортқа үйірсектеп, сонау Ресейдің Омск қаласында өткен марафоншылар додасында жүлдегерлер қатарынан көрінгенін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Қырықтың қырқасынан асқан азамат өз қаржысымен жуырда мектеп оқушылары арасында желаяқтар жарысын өткізіп, жүлдеге ілінген ізбасарларын кубок , медаль, мақтау қағазымен марапаттап, ауыл ақсақалдарының алғысына бөленді. "Жақсының жақсылығын айт , нұры тасысын " демекші, Әбдуәли інімнің өнегелі ісіне осы өлеңім қарымтам болсын.
Марафон

Қалғандай самарқаулық қай атаңнан,
Ұмтылсаң сергектікке оян таңнан.
Жанкүйер жігерленер спорт десе
Алдына ішкен асын қоя салған.

Елі үшін ер күймесе шыр-пыр етіп,
Өлкеңді өркендетпек кім түлетіп?
Қаладан келген інім – Әбдуәли
Өткізген ғажап дода дүркіретіп.

Желіксе – жер түбіне зырлап барар,
Желаяқ Қыр жақта жоқ, Сыр жақта бар.
Жиылған қызықтауға жұртың мынау
Жарысын марафонның жырғап қалар.

Мен сүйем осы күздің күрең кезін,
Көңілге кестелеткен жыр өрнегін.
Жүйрік боп шығады деп ойласамшы
Жұмсасаң жүгірмейтін жүгермегің.

Жарқылдап жанбақ бүгін кімнің бағы,
Ал құйғыт, ауылымның ұл-қыздары.
Үкілеп қосқан өңкей қарасирақ –
Бәрі де бір-бір үйдің жұлдыздары.


Көрерсің, кекілдіге бақ байланып,
Шын дүлдүл топты жара бастайды анық.
Апырмай, шаңды жұтқан шақырымдар
Астында майтабанның жатты айналып.

–Тез!
– Жылдам!
Шығады үндер шырылдасқан,
Мәреге лап қойды олар бұрылмастан.
Осылар – Әбдуәли ағасының
Жолына түсіп алып ізін басқан.


....Жыраққа туған жерден көшсең ... мейлің,
Інім - ау, ісі үлгілі тек Сендейдің.
Осындай саламатты өмір барда
Бастамаң – күзді көктем еткен деймін.


Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
25 қараша 2019 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031