» » "Аздап қорқып тұрмын": Головкин алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

"Аздап қорқып тұрмын": Головкин алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді


    Боксшы Геннадий Головкин бесінші қазан күні украиналық қарсыласы Сергей Деревянченкомен өтетін кездесуге қатысты ойын айтты. Қос мықты орта салмақтағы IBF титулын сарапқа салатын болатын деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

     Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесіп, Нью-Йорк қаласында баспасөз конференциясын өткізді. Сұрақтарға жауап беру барысында отандасымыз жекпе-жек алдында аздап қорқып тұрғанын жасырмады. Ол Деревянченконы бұрыннан бері танитынын жеткізді.
Өте қатты толқып тұрмын. Бұл керемет сый. Біріншіден, мен өзімнің екінші үйіме қайта оралып жатқаныма қуаныштымын. Мансабымда маған үлкен қолдау білідіріп келе жатқан Madison Scuare Garden отбасыма рахмет. Әрине, толқып тұрмын. Себебі, қазіргі жағдайды түсінемін. Қазіргі таңда, мен бокстағы ең мықты адамдармен жұмыс істеп жатырмын. Менің қарсыласым ең мықты. Сергей Деревянченконы бұрыннан бері танимын, –дейді GGG
Отандасымыз кездесу барысында өзінің аздап қорқып тұрғанын жасырмады. Себебі қарсыласының бапкері және оның командасының өте мықты екенін айтты.
Не себепті қорқып тұрмын? Ол құдды өз уақыты келгендей жақсы, мықты көрінеді. Енді, мүмкін, мүмкін. Бұл бокс, ешкім нақты не боларын біле алмайды ғой. Егер, шынайы жекпе-жек пен нағыз шоу көргіңіз келсе, бесінші қазан күні MSG-ға келіңіздер, мен сіздерді күтемін, – дейді боксшы Геннадий Головкин.
25 тамыз 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 153

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930