» » ГОЛОВКИН "КАНЕЛОДАН" ТАРТЫП АЛЫНҒАН ЧЕМПИОНДЫҚ ТИТУЛ ҮШІН ҚАШАН ЖҰДЫРЫҚТАСАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

ГОЛОВКИН "КАНЕЛОДАН" ТАРТЫП АЛЫНҒАН ЧЕМПИОНДЫҚ ТИТУЛ ҮШІН ҚАШАН ЖҰДЫРЫҚТАСАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) тартып алынған IBF белбеуі үшін жекпе-жек бойынша келісімге келді. Бұл туралы BoxingScene.com журналисті Кит Айдек хабарлады.
Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) титулды алып қойғаны хабарланған еді. Мұндай шешімнің себебі Альварестің чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмауы.
Енді бос қалған IBF белбеуі үшін Головкин мен Деревянченко жұдырықтасады. Айдектің сөзінше, жекпе-жек 5 қазанда өтеді.
Бұл ақпаратты The Athletic журналисті Майк Коппинджер де растап, боксшылар Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасуы мүмкін екенін айта кетті.
Еске салайық, Альварес IBF титулын 4 мамыр Лас-Вегаста америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, иеленген болатын.
kaz.vesti.kz


alashainasy.kz

05 тамыз 2019 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930