Ата-ана FaceApp арқылы 18 жыл бұрын жоғалған баласын тауып алды (видео)
Қытайда ерлі-зайыптылар 18 жыл бұрын ұрлап кеткен баласын іздеген. FaceApp нейро желісі арқылы баланың қазіргі кезде бет келбеті қандай болатынын анықтаған, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі Parentology сайтына сілтеме жасап.

Шэньчжэнь қаласында 2001 жылдың мамыр айында 3 жасар Ю Вейфен әкесі жұмыс істейтін құрылыс кешеніне жақын жерде ойнап жүрген. Бала жоғалып кетіп, ата-ана дереу полицияға жүгінді. Өкінішке қарай, видеобақылау камералары арқылы баланың қайда кеткенін де анықтау мүмкін болмады. Ұрланған бала із-түссіз кетті. Бірақ, тергеушілер баланың ұрлап кеткені туралы анық білді.
Бірақ 18 жыл бойы Ронг және Ю есімді ерлі-зайыптылар перзентін іздеуді доғарған жоқ. Олар оның суретін қаланың түкпір-түкпіріне жабыстырып, баланы тапқан адамға үлкен сыйақы тағайындауға уәде берді.
Осыншама уақыттан кейін полиция FaceApp-та қолданылатын нейрожелі арқылы қазіргі кезде 21 жастағы ер жігіттің суретін шығарып алды. Бейнеде Ю Вейфеннің кішкентай кездегі суреттері қолданылды.
Нейрожелі екі ай бойы балаға қатысты мәліметтер жинап, оны жүздеген жаспен салыстырды. Бағдарлама Ю Вейфенді Гуанчжоудағы университеттердің бірінің студенті етіп шығарды. Содан кейін полиция жас жігітпен кездесті. Басында Ю Вейфен өзінің ұрланғанына еш сенбеген. Бірақ, ДНК-тесті арқылы тексеріліп, ол ерлі-зайыптылардың баласы екені анықталды.
Полиция қазір адам ұрлау дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Сондықтан, қазіргі таңда Ю Вейфеннің осы күнге дейін қайда болғаны жарияланған жоқ.