» » Қырандай қырағы САҚШЫ

Қырандай қырағы САҚШЫ

Бұл оқиға жақында ғана Төретам кентінде болған еді.
Күнделікті күйбің тірлікпен үй жұмысын істеп жүрген Жаңагүл  бір сәт демалғысы келіп, орындыққа отыра кетті. Осы кезде оның ойына бірдеңе түсті ме, әйтеуір ойы алаң-құлаң болып кетті. Не ұмытты екен ол? Нендей жұмысы бітпей қалды? Ойлана келе, отырған орнынан атып тұрды. Мерей қайда? Жаңа ғана көз алдында бірдеңелерді айтып жүрген кішкентай Мерей қазір жоқ. Дереу үй ішін, ауланы сүзіп шықты. Көршілерге де кіріп шықты. Бала жоқ? Екі кештің ортасында үй іші азан-қазан болды да қалды.
– Жаңа ғана жүрген еді ғой.
– Ол қазірде мына жерде ойнап отырған.
Иә, жаңа ғана аулада ойнап жүрген кішкентай Мерей үшті-күйлі жоғалып кетті. Үйде де, аулада да, жақын көршілердің үйінде де жоқ. Не істейміз?
Дереу есін жиған көршілер кезекші полиция бөліміне хабарласты.
Ал өз кезегінде мән-жайға қаныққан ҚР Ішкі істер министрлігінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілдігінің басшысы қызметінің міндетін атқаратын полиция подполковнигі Қасым Әбуов өкілдік қызметкерлерін ұйымдастыра жүріп, жедел баланы іздестіру жұмысына кірісті.
Сәбиді іздестіру мақсатында арнайы тапсырма алған полиция қызметкерлері тұрғындармен бірге Төретам кентінің әр аймағына бөлініп, іздестіру жұмысын бастап та кетті.
Міне, біршама уақыттан кейін «бала табылды» деген  қуанышты хабар да келіп жетті.
Осындай жайсыз жайтты біз де естіп, полиция бөліміне хабарласқанымызда өкілдік бастығы Қасым Әбуов сәбидің  аман-есен ата-анасына тапсырылғанын жеткізді. Кішкентай Мерейдің белгісіз жаққа кетіп бара жатқан жерінен тауып алып, ата-анасына тапсырған  полиция лейтенанты Нұржан Әбенов екен.
Осы ретте, қырағы қызметкер  Нұржан Сайранұлын болған жай туралы баяндап берді.
– Кезекшінің Төретам кентінде бір сәби жоғалып кетті деген дабылын естіп, басшылық тапсырмасымен дереу іздестіруге аттандық. Бұл шараға бізбен бірге кент тұрғындары да қатысты. Әрқайсымыз алған тапсырмамен өзімізге бөлінген  нысан бойынша іздестіру шарасына кірісіп кеттік. Мен кенттегі өзіме бекітілген көшелерді аралап, кездес­кен тұрғындардан сұрастырып келе жатып, Күләш Байсейітова көшесіне түстім. Сәл жүргеннен кейін, алыстау жерде бір сәбидің кетіп бара жатқанын көріп, жүгіре жетіп, оны көтеріп алдым. Сұрасам ол сөйлей алмайды екен. Халық болып іздестіріп жүрген сәбиіміз осы екенін жүрегім сезген болар, дереу рация арқылы басшылықпен байланыстым. Сәлден кейін біздің жігіттер де келді. Олармен бірге мен тапқан балапанның  туысқандары да болатын. Жоғалған сәбидің Мерей екеніне көзіміз жетіп, оны ата-анасына тапсырдық, – дейді қырағы полиция қызметкері.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
              Төретам кенті. 
09 мамыр 2019 ж. 2 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031