» » Жарты отбасында «жарым» ұрпақ өседі

Жарты отбасында «жарым» ұрпақ өседі

Қазір қоғамда не көп, жарты отбасы көп. Ата-ананың мейіріміне зәру болып жүрген балалар қаншама? Отбасының дәстүрлі құндылықтары сақталмаған соң, ерлі зайыптылар ажырасып, олардың артында махаббатты, жылулықты сезінбеген, толыққанды отбасы деген ұғымның не екенін түсінбейтін балалар қалады. Арты әкесіз не шешесіз өсуіне әкеліп соғады. Толық емес отбасында өскен балалар психологиялық, эмоционалдық тұрғыдан күйзеліске ұшырайды.

Бұл қазіргі таңдағы басты проб­лемалардың біріне айналып отыр. Жарты отбасының пайда болуына не себеп? Осы сұраққа жауап беруден бастасақ. Ол біріншіден екі жастың асығыс отбасын құ­ру туралы шешім қабылдауынан, бір-бірін жете танып білмеуінен туындайды. Оған себеп – үйленгенге дейін көңіл қосып, қа­зір­гі тілмен айтқанда сөз жарастырып жүр­­генде өздерінің шынайы бет-бейнесін, мі­незін көрсетпеуі. Жалпы алғанда отбасын құрудың шынайы сипа­тын танымаудан ерлі-зайыптылар ажы­расып жатады. Бұрын туған-туыстары ақыл айтып, татуластыруға тырысатын. Сөзі өтетін адам жанжалдасқан жастарды дұрыс жолға салатын. Қазір кеу­десін тәкаппарлық пен менмендік басқан әр жақ өзінікін жақтап, екіншісін даттап отырады. Ал, ортада қалған баланы кім ойлап жатыр? Жарты отбасында –жарым ұрпақ өсетінін ескеріп жатырмыз ба?

Бірде психолог ата-анасы айырылысып кеткен баладан кіммен қалғысы келетінін білгісі келіп, тәжірибе жүргізіпті. Ақ парақтың бетіне үш шеңбер сызып, оған әкесі мен шешесінің және өзінің суретін салғызады. Сол кезде екі шеңберге ата-анасын салып, біреуін бос қалдырыпты. Әлгі пси­холог себебін сұрағанда бала өзінің жоқ­тығын аспанға ұшып ғайып болып кет­кенмін деп түсіндіреді. Яғни, ол «әке-шешем менсіз бақыттырақ болады» деп бәріне өзін кінәлайды екен. Міне, осыдан-ақ оның психикасының күйзелісте екенін аңғаруға болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни үйдегі ұрыс-керіс, дау-жанжал, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы секілді жағдайлар балаға қатты әсер етеді екен.

Әсіресе, әке тәрбиесін көрмеген ер ба­ла болашақта әке-шешенің тағдырын қай­талауға машықтанады. Толық емес отбасынан шыққан бала отбасылық құн­дылықтарды түсіне бермейді. Ата-ана­сы­ның қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сез­­бегендіктен олар ертеңгі күннің қуа­нышын жоғалта бастайды. Әйел ерінен көр­ген қиыншылықты, өмірге деген жаман көзқарасын баланың бойына сіңіріп, әке­сіне қарсы қояды. Осыдан келе олар өз­деріне отбасында алмаған қамқорлық пен қайырымдылықты сырттан немесе көшеден іздейді. Әкесіз өскен ер баланың тағы бір сипаты, ол көп уақытын анасының тәрбиесінде өткізуі. Алайда, ер баланың қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Көпке топырақ шашты демеңіз. Қазіргі таңда жігіттердің шаш бояп, құлақтарын тесіп, сырға салып қызтекеге айналып бара жатқанын көріп жүрміз. Әкесіз өскен ұрпақ жасық, жасқаншақ, екіжүзді, өсекке жақын, бос сөзділікке құмар болып өспеуіне кім кепілдік бере алады? Отбасында екі адамның да өзіндік орны бар. Әйел – үйдің киесі болса, еркек – үйдің иесі. «Бес саусақ бірдей емес». Әрбір ажырасушы жұптың бәрі бірдей әйелдің кінәсінен ажыраспайтыны белгілі. Бірақ, кінә тек қана ер-азаматтарда деп шолақ шешім шығаруға тағы болмайды. Құқық екеуіне де бірдей. Баланың тәрбиесі екі адамға ортақ. Өмірге саналы ұрпақ әкелдіңіз бе, оның тағдырына ана да, әке де жау­апты.

Отбасы – шағын мемлекет. Оның ұйыт­қысы бір адам емес, екі кісі болғаны аб­зал. Қандай жағдай болмасын отба­сы мүшелері өмірдің кинодағыдай, ро­мандағыдай болатынын, оның өзіндік бей­неті барын, оған сабыр ете білу керегін естен шығармау керек. Ортада бала болса, ажырасу оның психикасына ауыр соққы болатынын да ұмытпаған жөн. Бұл қадамға бармас бұрын, басқа жол жоқ екеніне әбден көз жеткізіп, үлкендердің ақылын алу аса маңызды. Себебі, қабыл­дағалы тұрған шешімнің артында адам тағдыры тұр. Байқаңыз! Балаңыз жарым ұрпақ қатарында болып жүрмесін.

Әлібай НАЗАР,
«Қармақшы таңы».
11 ақпан 2019 ж. 2 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031