» » Жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі 10 жылдан кейін жұмыс орнынан табылды

Жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі 10 жылдан кейін жұмыс орнынан табылды

АҚШ тұрғыны Ларри Эли Мурильо-Монкад 2009 жылы No frills дүкеніндегі жұмысынан босатылып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Алайда ер адам сол кезде дүкен қоймасында ажал құшcа керек, ал мәйіті енді ғана табылыпты. Бұл туралы CNN басылымы хабарлады.

Он жыл бұрын Монкадтың ата-анасы тергеушілерге жас жігіттің ізім-ғайым жоғалуына әсері күшті препараттарға әуестігі себеп болуы мүмкін деген еді. Олардың айтуынша, дәрі-дәрмектің әсерінен Ларри не істеп, не қойғанын білмей кетеді екен.
Алайда, шындығында, жұмыстан шығып қалғанына қатты өкінген жігіт оңаша қалғысы келіп, жұмыстағы қоймаға кіріпті. Тергеушілердің мәліметіне сүйенсек, дүкендегі қоймалардың бірінде үлкен тоңазытқыштар болған. Әдетте олардың үстіне тауарды жинап қояды екен, бірақ кейде жұмысшылар бастықтың көзіне түспей, аздап демалып алу үшін, тоңазытқышқа шығып алатын көрінеді.
Монкад та сөйтіп отырғанда абайсызда тоңазытқыш пен қабырға арасындағы 45 сантиметрлік қуысқа түсіп кетіпті. Тоңазытқыштың айналасын қабырға қоршап тұрғандықтан, қуыстан шығудың жалғыз жолы қайта жоғары көтерілу еді, бірақ Ларридің оған шамасы жетпеген көрінеді. Шарасыз жігіт әріптестерін дауыстап шақырғанымен, тоңазытқыштың шуынан ешкім естімеген екен.
Осылайша он жыл бұрын ажал құшқан ер адамның кім екенін полиция киіміне қарап ажыратыпты. Сонда да тәртіп сақшылары марқұмның ата-анасын шақырып, ДНҚ сараптамасын жасатып, Ларри екеніне анық көз жеткізген. Мәйітті тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Сөйтіп, оқиғаның жазатайым болғаны расталды.


24 шілде 2019 ж. 1 793 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930