» » Ойнаймын деп ажал құшты

Ойнаймын деп ажал құшты

Апалы-сіңлі қыздар үнемі бір-бірінің затын тығып ойнайды екен, бірақ ойыннан от шығады деп кім ойлаған

Ойнаймын деп ажал құшты
Лондонда тұратын британдық отбасыда қайғылы жайт орын алды. Бірнеше күн бұрын 17-ге толған Даниэль Марах жұмбақ жағдайда төрт қабатты үйдің шатырынан құлап кеткен. Ешкім суицид болуы мүмкін деп күдіктенбейді, қыз бала ақкөңіл жайдары мінезді болатын, деп жазады Sputnik.
"Бақытты жасөспірім еді. Жақсы оқитын, сабақтан қалмайтын. Қандай істі бастаса да, бар ынта-жігерімен кірісетін", — дейді қыздың әкесі.
Әкесінің айтуынша, сол қаралы күні Даниэль біртүрлі қобалжып жүрді. Емтихан алдында уайымдап, тіпті кешкі ас ішуден бас тартыпты. Ақыры күні бойы өз бөлмесінде отырып, кешке ғана ата-анасымен әңгімелесуге бөлмелеріне кіріп шығады.
Жарты сағаттан соң терезенің сынған үні естіліп, бірдеңе дүңк ете түседі. Үйдің ең жоғарғы қабатында Даниэль мен сіңлісі Шонаның бөлмесі орналасқан. Төбесіндегі шағын терезеден шатырға шығуға болады екен.
"Біртүрлі дыбыстар шығып, дүңк ете қалды. Терезеден қарасам, Даниэльдің денесі жатыр. Жанталаса жанына жетіп, тынысын тексердім, бірақ алған жарақаты ауыр еді", — дейді қыздың әкесі Чарльз Марах.
Тергеушілердің сөзіне сүйенсек, қыз бала өз-өзіне қол жұмсағанға ұқсамайды. Біріншіден, оны білетіндердің бәрі тек жақсы жағынан ғана сипаттаған. Екіншіден, Даниэльдің сіңлісінің ұялы телефоны шатырдан табылыпты.
Әкесі тергеушілерге айтқандай, Даниэль мен Шона кішкентайларынан бір-бірінің затын тығып ойнайды екен. Соған қарағанда, қыз бала телефонын тығу үшін шатырға шығып, аяғы тайып құлап кетсе керек.


10 қыркүйек 2018 ж. 1 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930