» » «Көбелек-адам»тұрғындардың үрейін туғызды

«Көбелек-адам»тұрғындардың үрейін туғызды

Бүгінде аңызға айналып үлгерген «көбелек-адам» Чикаго аумағындағы тұрғындардың үрейін туғыза бастады. Оның өмірде бар екеніне сену қиын, дегенмен соңғы кездері оны өз көздерімен көрген жандардың саны күн санап артып келеді.
Тек сәуір айында ғана қызыл көзді, үлкен қанатты адам тәрізді тіршілік иесін кезіктіргенін 5 адам хабарлаған. Бір айта кететін жайт, «көбелек-адам» туралы хабарлаған жандар бір-бірін мүлдем танымайды, яғни бұл олардың хабарламасын әзіл-қалжың ретінде қабылдауға болмайды деген сөз.
Ең соңғы хабарлама баласымен бірге Калумет өзенінің жағасында балық аулауға барған Чикаго тұрғынынан келіп түскен. Олар алдымен металдың шиқылына ұқсас шаңқылдаған дауысты естіген, алайда жақын маңда ешқандай көлік байқалмаған. Сәлден кейін әлгі дыбыс қайта шыққан кезде олар өзеннің қарсы бетіндегі жағалаудан ағаштардың басында ұшып-қонып жүрген қызыл көзді адам тәрізді құбыжықты көздері шалған.
Басында олар мұны үлкен құс екен деп ойлаған, алайда әлгі құбыжық өзеннен ұшып өтіп, бұларға жақындаған кезде ғана оның ешқандай құс емес, дене көлемі үлкен адамдікіне ұқсас, қанаттары 3 метрге жуық жайылатын, басы құстың басына мүлдем ұқсамайтын тіршілік иесі екенін байқаған.
«Көбелек-адам» туралы хабарлаған куәгерлердің барлығы да қатты қорқыныштан қимылдауға шамалары келмей қалғандарын, сол себепті не фотоға, не видеоға түсіріп үлгермегендерін тілге тиек етуде.

12 маусым 2019 ж. 1 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930