» » Ажал аузындағы махаббат

Ажал аузындағы махаббат

Ғибратты әңгімелер: Ажал аузындағы махаббат


Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.

Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтайық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтап кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.

Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.

Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

kerekinfo.kz
12 қараша 2018 ж. 2 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031