» » Үміт кемесінің капитаны

Үміт кемесінің капитаны

Бірде іс сапармен Ақайға келдім. Жоспарланған жиын бітісімен ру сұрасқан бір жігітке көзім түсті. Қасындағылары «біздің ауылдың әнші жігіті ғой» деп мақтап әлек. Мұны естіген Қаршыға аға Есдәулет «әнші болсаң өнеріңді көрсете ғой, әніңе құлақ құрышын қандырайық» деді. Сонда әлгі жігіт орнынан атып тұрып ортаға шықты да, ешқандай дыбыс құралдарынсыз әуелете жөнелді. Бұл не деген батылдық?! Мүкіс денсаулығына мойымаған, өмірге деген үмітінің жанып тұрғанын әу дегеннен аңғарасың. Иә, бұл ақкөңіл жан – Сабырхан Әбдіғалиев еді.
Ол қыстың қытымыр қаңтарында 1990 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келді. 1993 жылы көпбалалы отбасы Байқоңыр қаласына қоныс аударады. Мұнда Мұхтар Әуезов атындағы №6 орта мектептен білім алып, 2008 жылы "Нағыман и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде электр құрылғыларын жөндеуші, 2009 жылы осы серіктестікте есепші мамандығы бойынша кәсіптік оқыту курсын тәмамдады.
Өмірдің ағыны бір сарынмен жүріп отырады дейсіз бе? Сабырханның есіне алғысы келмейтін 2014-тегі жол апаты оның өмірін түбегейлі өзгертті. Бір ажалдан аман қалған жігіт басы мен мойнынан жарақат алады. Соның салдарынан сол жақ көзі әлсіз көреді. Себебі, ол бала күнінен гемофилия, яки қан ұйымайтын аурумен ауырады. Сабырханға денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істеуге болмайды. Сол себептен бала күнгі арманы өлең айтуды өмірімен байланыстырды. Осы тұста ол түрлі байқауға қатысып, ауылдағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласа бастайды. Нәтижесінде ауыл жұртының құрметіне бөленіп, түрлі марапаттарды иемденіп жүрген жайы бар.
Әншілік өнер Сабырханның ата-анасынан дарыған екен. Ән айтумен қатар шабыт келгенде өлең шығаратын өнері де бар. Бүгінде әншінің репертуарында 25-ке жуық ән бар. Жарыққа шықпағаны да біршама. Алдағы уақытта оның жанын ұғатын демеуші табылса болашаққа қойған жоспары көп. Отызды алқымдаған өнер иесі әңгіме арасында үйленгісі келетінін де жасырмады. Тек адал да иманды жар жолықса, бала сүю кімнің де болса арманы емес пе?
Алға қойған мақсатым айқын. Арманым көп. Өнерімді күллі жұртқа паш етіп, аяққа тұрсам ең алдымен қайырымды іспен айналысар едім. Өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып, демеу болғым келеді. Бала күнімнен күресіп келе жатқан бұл дертім алға қойған мақсатыма еш кедергі болмайды. Тек үмітім үзілмесе болғаны, дейді Сабырхан Әбдіғалиев.
Алған бетінен қайтпайтын қайсар жігіт Сабырханның шектеулі мүмкіндіктері оның сахна төріне шығып өнер көрсетуіне, саусақтарының қалам ұстап өлең шығаруына кедергі болмады. Болмайды да. Алдағы уақытта сері жігіттің денсаулығын түзеп, өнер белесін бағындырарына сеніміміз мол. Сол бір үміт ешқашан шырағын сөндірмесін!
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
06 шілде 2018 ж. 1 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031