Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Мектеп... Балалық шақ... Егіз ұғым. Әрбір адам баласы дүние дидарына келген күннен бастап, ата-ананың аялы алақанын сезіп, өмірге қадам басқаннан кейін өзіндік өмір жолы басталады. Ең алдымен, адамда адамдық болмыс қалыптастыратын ата-анасы болса, екінші ұстазы мектеп. Кейде, бір қателіктен сабақ алып жатқанда «өмірдің өзі мектеп» деп іштей ой түйеміз. Иә, бақытты балалық шағымыздың, алтын уақытымыздың куәгері ол – алтын ұя мектебіміз. Мектеп қабырғасындағы есімдері алтын әріптермен жазылатын ұстаздарымызды, тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарымызды, сыныптастарымызды бір сәтке ұмыту мүмкін емес. Дүниенің қай қиырында жүрсек те сонау алысқа қарап, шатырлары күн сәулесімен шағылысқан азғантай ғана үйлері бар туған ауылымызға көз тастаймыз...Алыста қалған ауылымызға көз тастаймызда, бір сәт балалық шаққа оралғандай күй кешеміз...
Иә, біздің мектепке барған уақытымыз – еліміз егемендікке енді қол жеткізіп, қуатты Қазақстанның енді құрылып, әлеуметтің әлеуетін арттыруға әртүрлі бағдарламалар қабылданып жатқан кез еді. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылындағы № 109 орта мектебінің табалдырығын аттағаным әлі есімде. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, күнделікті сабаққа тиянақты дайындалу, мұғалім берген тапсырмаларды орындау әдетімізге айналды. Алғашқы ұстазым, сан жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан, саналы ұрпақты сапалы біліммен қаруландырған ұлағатты ұстаз – Алашбаева Ақзада апайым еді. Бүгінде, апайымыз құрметті еңбек демалысына шығып, немелерін бағып, Қызылорда қаласына қоныс аударған. Әлі есімде, Ақзада апайымыздың қатулы қабағынан сескеніп, үйге берілген тапсырманы бұлжытпай орындаушы едік. Әліпті таяқ деп үйреткен ұстазымыздың ерен еңбегінің арқасында, білім нәрін сусындап, ел қатарлы қызмет етудеміз.
Мектептегі қызыққа толы күндеріміз, достарыммен алаңсыз ойнап-күліп жүрген сәттеріміз әлі күнге есімізде. Бастауыш сыныпты аяқтап, жоғары сыныпқа ауысқан сәттерде, мектептегі қоғамдық-мәдени көпшілік жұмыстарға белсене қатысып жүрдік. Сол кездегі алдыңғы буын аға-әпкелерімізге еліктеп, мәнерлеп өлең оқып, қылқаламмен сурет салып, кейіннен спорттың күрес түріне қызығушылығым артып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға ынталы болдық. Сол сәттерде аудандық, облыстық, республикалық додаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройының асқақтай түсуіне ықпал еткеніме қуанамын. Сол сәттерде, мектеп жанынан сурет үйірмесін жүргізіп, қылқалам шебері болға шыңдаған - Оспанова Сандуғаш, Қазақстан тарихы пәнінен аймақтық, аудандық пәндік олимпиадаларда топ жаруда жетекшілік еткен Байтанатова Ақмарал, «Көшен Алматовтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы ғылыми жұмыста жетекшілік жасаған Смайлова Салтанат, «Қазақша» күрес түрінен шыңдаған бапкерім Шақабаев Ғабит, қолөнер бұйымдарын жасауға баулыған Райымбеков Оразбек ағай-апайларыма алғысым шексіз.
Мектеп десе, балғын балалық шағымыз еріксіз еске түсетіні сөзсіз. Еш уайымсыз, мұңсыз балалық шағымызда қызықты сәттеріміз көп болатын. Соның біріне тоқталып өтсем: Шамамен 6-7 сынып оқитын кезіміз болса керек. Ол кезде орыс тілі пәнінен Рамазанова Дина апай сабақ беретін болатын. Сол кездегі оқыту технологиясының жаңашылдығы болса керек, Дина апай сабақ өткенде 2-3 партаны қосып, сыныптағы оқушыларды 3-4 топқа бөліп оқытатын. Сонда топ болып бөлініп, жарысып оқитынбыз. Сабақ кестесіне сәйкес Орыс тілі сабағынан кейін, Дене тәрбиесі пәні болу керек. Біздің балдардың бір әдеті дене тәрбиесі пәніне бөлінетін уақытты тиімді пайдалану үшін, бір сабақ бұрын киініп отыратын. Содан, әлгі орыс тілі сабағының үстінде Байтанатов Наурыз деген сыныптас-досым спорттық киімдерін киіп отырған. Оны байқап қалған Дина апай дереу тақтаға сабақ айтуға шығарды. Сонда Наурыздың бір аяғында туфли, бір аяғында красовка. Сонда бәріміз қатты күліп, есте қаларлық жайт болған....
Мектептегі думанды сәттердің көпшілігі жоғарғы сыныптарда көп болады. Адам ойында сақталып қалатыны да осы кездер. Мектепте жүргенде бозбала мен бойжеткен болып, бала махаббаттың алғашқы сәттері болады. Ең аяулы, ең қызық, ең тәтті уақыттар да осы мектеп қабырғасында жүрген сәттер. Сол сәттерде «Туу, шіркін мына мектепті қашан бітіреміз?, тезірек бітіріп, үлкен қалаларға барып, қызмет істеп, үлкен адам болсақ екен» деп армандаушы едік. Жоғары сыныптарда үлкен армандарымызға жол ашқан, білімнің биік шыңына қарай шығуға жол көрсеткен ардақты ұстаздарымыз көп болды. Сол кісілердің бірқатары - Сүйеубаева Бану, Башенова Жанат, Ермағанбетова Қарлығаш, Жансейтова Алма, Абдуллаева Бота, Байдрахменова Тұрсынай, Алашбаева Айзада, Торшаев Бектілеу, Байғараев Кәрібай ағай апайларым. Бұл кісілер тек жартысы ғана. Үлкен өмірге өнеге көрсеткен аты аталмаған ұлағатты ұстаздарымның барлығына шәкірттік қалпыммен шын жүректен алғыс білдеремін. Осындай өнегелі ортасы бар, білім мен білік заманында заңғар шыңдарға шығар шәкірттер тәрбелеп отырған білім ордасының ұстаздарына үлкен құрмет білдіремін.
Қазақ даналығында «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деген қанатты сөз бар. Сөз төркінінде ұстаз алдын көрген шәкірт өз бойына барлық жақсы қасиеттерді жинап, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуға тырысары сөзсіз. Қазақтың біртуар ұлы, поэзияның мұзбалақ ақыны – Мұхтар Шаханов « Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға» деп жырлағандай үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен армандар жолында 2009 жылы Ақтөбе ауылындағы № 109 мектепті тәмәмдағаннан кейін, ұлағатты ұстаздарымның үкілі үмітін ақтап, мемлекеттік грант негізінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «Агроинженерия» мамандығы бойынша оқуға түстім. Университет қабырғасында жүріп те, бірнеше республикалық-халықаралық байқаулар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы, дипломанты болдым. Сол сәттерде, мектепте алған тәлім мен білімнің арқасында пікір-сайыс ойындарына қатысып, облыстық, республикалық дебат ойындарының жеңімпазы, төрешісі болдым.Университет қабырғасындағы белсенділік, көп қырлы қасиет, 2013 жылы университетті үздік дипломмен бітіргеннен соң университет жолдамасымен Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Қазан қаласы, Қазан мемлекеттік аграрлы университетінде магистратурада білімімді жетілдіруге мүмкіндік берді.
2013-2015 жылдары магистратура бағдарламасын аяқтаған соң университеттің ғылыми кеңесінде «Разработка конструктивных параметров и режиомов работы секции сеялки для посева семян в условиях Кызылординской области» тақырыбындағы магистрлік диссертация жұмысын сәтті қорғап, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым. 2015 жылы осы университеттің «Институт механизации и технического сервиса» факультетіне сырттай бөлімінің аспирантурасына оқуға түстім. Қазіргі уақытта 3 курс аспирантымын. Арман – адам қанаты. Иә, расында мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шыттай киінген киіміне, тік жүрген жүрісіне қарап қызығып, өскенде мұғалім болам деп армандаған, ойлаған оқушы жоқ шығар сірә?!. Сол кездерде біз үшін идеал тұлғаға айналған мұғалімдерге еліктеумен, ұстаздық жолға түстік.
2015-2016 оқу жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Аграрлық технологиялар» кафедрасында магистр-оқытушы болып қызмет атқарғаннан кейін, басшылыққа сұраныс жіберіп, 2016 қазан айынан бастап, туған өңірім Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Қармақшы аграрлы-техникалық» колледжіне өндірістік оқу шебері болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа орналасқан сәттен бастап, ізденіп, жаңаша педагогикалық оқыту технологиялары мен әдістерін зерттеп келемін. Үстіміздегі жылдың 16 –наурызында Қызылорда қаласында өткен «Жас келсе – іске!» атты облыстық үздік жас маман байқауында жүлделі екінші орын иелендім. Бірқатар республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарға ғылыми-теориялық мақалаларым, сабақтарым жарияланып тұрады.
Қазақ ұғымында «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөз бар. Талапты баланың талантын танып, шеберлікке шыңдап, ұядан ұшыру ұлы ұстаздың ұлағатты ісі. Олай болса ұлы есімді арқалаған ұстаздарыма алғыс білдіремін.

Азиз Дүкенбайұлы,
«Қазақстан Ұстаздары» қоғамының мүшесі.