» » 292 ҚОЛТЫРАУЫНДЫ ҰРЫП ӨЛТІРДІ

292 ҚОЛТЫРАУЫНДЫ ҰРЫП ӨЛТІРДІ


Индонезия еліндегі Соронг қаласының тұрғындары жергілікті фермердің иелігіндегі 292 қолтырауынды өлтірді. Тұрғындардың бұлай назалануына не себеп болды?
The Jakarta Post басылымының жазуына қарағанда, Батыс Папуа провинциясындағы фермада қолтырауын өзінің қадағалаушысына шабуыл жасаған. Күнделікті тамақ беріп жүрген қадағалаушы сөйтіп, қолтырауынның қолынан қаза тапты. Жергілікті жерде сыйлы адам ретінде саналатын қадағалаушы қолтырауынның шабуылынан қайтыс болғаннан кейін олардың достары ашуға булығып, бүкіл қолтырауынның көзін жойған.
Кішкентай қолтырауыннан бастап, үлкеніне дейін барлығын да тұзаққа түсіріп, адамдар ұрып өлтірген. Олар досының өлімінен осылай кек алды. Осыған байланысты Батыс Папуа провинциясының басшысы Базар Басар Манунланг ашынған адамдардың бұл әрекетін ақтап алуға болмайтынын айтты.
– Қолтырауында жаппай өлтіру бұл қылмыстық әрі тағылық әрекет болып саналады. Сондықтан оны ұйымдастырушылар тиісті жазасын алады. Қолтырауын да –тіршілік иесі, олар да қорғап, қолдауды қажет етеді, – дейді Базар Басар Манунланг.
Қолтырауындарды  жергілікті биліктің рұқсат етуімен сол провинцияда тұратын азамат асырағаны белгілі.
21 шілде 2018 ж. 1 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930