» » Үндістанда дауылдан қаза тапқандар саны 120-дан асты

Үндістанда дауылдан қаза тапқандар саны 120-дан асты

Үндістанда соққан құмды дауыл мен нөсер жаңбырдан қаза тапқандардың саны 127-ге жетті. Жүзден астам кісі жарақат алған. Опат болғандардың көбі Уттар-Прадеш аймағының тұрғындары. Тадж-Махал кесенесі орналасқан Агра қаласының өзінде 46 адам көз жұмған. Осы аймаққа көрші Раджастан өңірінде 39 тұрғын мерт болды. Ал сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел жолындағы талдарды түп-тамырымен жұлып, электр бағаналарын құлатқан. Ұйытқыған дауыл көптеген үйдің шатырын ұшырып, адамдарды басып қалған. Ауа райын болжаушылар болса, бұл штаттарда жақын күндері қайтадан жаңбырлы дауыл соғады деп отыр. Ал билік өкілдері жапа шеккендер саны көбейе түсуі мүмкін екеніне алаңдаулы.
05 мамыр 2018 ж. 1 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 880
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 537

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930