» » Қытымыр қыстың оқиғасы

Қытымыр қыстың оқиғасы

qarmaqshy-tany.kz БҰЛ ОҚИҒА ТҰРМАҒАМБЕТ – КЕКІРЕЛІ АУЫЛДАРЫНДА БОЛҒАН. 1993 ЖЫЛДЫҢ ҚЫСЫ КӨПТЕГЕН ЖАННЫҢ ЕСІНДЕ ШЫҒАР, ӘСІРЕСЕ ШАРУА ЖАНДАР ҰМЫТПАЙТЫНДАЙ ҚЫС БОЛДЫ. СЕБЕБІ ҚЫС ҚАРАША АЙЫНАН БАСТАЛЫП КЕТТІ. ҚАЛЫҢ ҚАРДЫҢ ТҮСУІ, ҰЙТҚЫҒАН БОРАННЫҢ СОҒУЫ НЕБІР ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ТУДЫРДЫ. ҚАНДАЙ БІР ҚИЫНШЫЛЫҚ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӨЗІНІҢ БАТЫРЛЫҒЫН КӨРСЕТЕДІ ЕМЕС ПЕ?! ЕШ НӘРСЕДЕН ҚОРЫҚПАЙ, ҚУАНЫШТЫ ДА БІРГЕ АЛА ЖҮРЕДІ.

Сол жылдың қараша айының 13-і. Қазіргі Тұрмағамбет ауылының (бұрынғы Ленин совхозының) тұрғыны Таржанбай Әбжанұлының ағайындары "тәтті шайға" шақырған қайын жұртына Кекірелі елді мекеніне баруға жиналды. Ауылдың, яғни шаруашылықтың автобусын сұрап алған. Жүргізуші Мұханай Байқараұлы және қасында ағасы Шәку әрі құда, әрі көмек беріп отыруды ұйымдастырған. Таржанбай ағамыздың қайын жұрты білмейтін жандар емес, түпкі төркіні осы елден шыққан Кеген Кете Бақытбек Кішкентаев ағамыз. Таржанбай балалы болған, Жаңагүл екеуінің ортасында 4 айлық Ерсұлтандары бар. Кекірелі аудан орталығынан қашық малды ауыл, құдалық шайдың сәті бүгін түскендей. Осы автобусқа құдалармен бірге, Бақытбек ағамыздың да Ақжар, Тұрмағамбет, Жаңақала ауылдарынан ағайындары мінген. Барлығы 41 адам жайғасқан. Жолбасшы Мейрамбек Бақтиярұлы Жаңақаладан отырған. Күннің суықтығы, аспаннан борап, жерден үрлеп тұрған жағдай бұл ағайындарды мүлде ойландырмаса керек. Көлік зырғи жөнелген. Жауып тұрған қардың көз аштырмауынан бес саусағындай жолды жатқа білетін Мейрамбек жолдан қалай ауытқып кеткенін сезбей қалады. Автобус майы таусылған жерге барып тоқтайды. Жерге түсіп жан-жақтарына қарағанымен ештеңені ажырата алмайды. Амалы жоқ, өлместің тіршілігін жасай бастайды. Осының ішінде болған Айғали Нұрғалиұлы былай деп еске алады: "Күннің суықтығы сұмдық, көз аштырмайды қар, ойлау жерге түсіп, үй орнындай жерді аштық, машинаның ішінде киіз бар екен сонымен қоршадық, отын дайындап ортаға жақтық, соған жылындық. Жолға жеуге ешкім азық алмаған, не істерімізді білмедік. Ішімізде азын-аулақ қалта алып шыққандар бар екен, соған ауыз салдық. Шықпас жанға бір себеп дегендей, үлкеніміз Марат аға, жусанның тамырын тауып соны қарға қайнатып төрт айлық балаға берді дейді. Бірінші күн бар-жоқпен өтті. Екінші күн мүлде қиын болды. Бұл күн тағы түнедік. Тоңа бастадық, шаршадық, ішіп жем таусылды. Уайым күшейді, сырттан еш дыбыс жоқ. Үшінші күніміз өлімсіреп жанған отқа қарап, өмірден күдер үземіз бе?" деген ойға әкелді. Үнсіздікті үлкен анамыз Мариям бұзды. Бұлай қарап отырмайық, азаматсыңдар ғой жолға шығыңдар, бізді іздемеуі мүмкін емес. Бірақ жолығатын жерде болмай тұрмыз ғой деді. Сонымен, Шәку, Нұралбек, Марат, Тайназар, Мейрамбектер жолға шықты. Сол сәтті Таржанбайдың қарындасы Баршагүл Әбжанова былай еске түсіреді: "Не деген жау жүрек екенімізді, Ерсұлтан 4 айлық, одан басқа әртүрлі жаста 6 бала бар. Жолға шыққандармен жылап қоштастық, енді оның айтатыны жоқ" дейді.
Ал Кекірелідегі қарбалас қалай болды? Құда күтушілер бірінші күні кешіккесін-ақ жанталаса бастаған, адасқаны белгілі. Ауылындағы жарамды техникаларды ұйымдастырып жолға шығарған. Ауданға хабарлаған, аудан әкімі Жақай Бодықбаев облыс, аудандық ауа райын зерттеу орталығына хабар жіберген. Облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Есен Демесіновпен сөйлесіп, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Ленинск қалалық ішкі істер басқармасы, Қарақалпақстан ішкі істер министрлігіне дейін шығып, жағдай толық баяндалды. Облыс әкімшілігінің, облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Есен Демесіновтің шұғыл тапсырмаларының нәтижесінде тікұшақ шығарылған. Оның ішінде облыстық ішкі істер басқармасының орынбасары, милиция полковнигі Қайролла Бұхаров, тергеу басқармасының орынбасары милиция подполковнигі Александр Михайлович, МАЙ және милиция қызметкерлері болды.
Тікұшақтағылар жіті бақылағанның өзінде адасқан ағайынның үстінен шыға алмаған. Осы кезді Айғали Нұрғалиұлы былай есіне түсіреді: "Әбден қалжырадық, енді өмір екі талай деп, есімізден танып, отты жағалап, отырмыз, әйелдер жағы жылап алады. Біздің мұңымызды гүрілдеген дыбыс бұзды. Қарасақ тікұшақ, бас киім, орамал лақтырып жатырмыз, үш айналды да өтіп кетті, бұл кездегі жағдайды мүлде айта алмаймын, өте қорқынышты, біттік деп ойладық".
Енді не болар екен деп елеңдеп те қоямыз. Қанша уақыт өткенін білмейміз тікұшақ бізге қарай төмендеп келе жатыр, қуанғаннан айқайлап, у-шу болдық. Лезде бағанағы бес адам не болды деген ойда келеміз. Сөйтсек, ұшақтан түсіп келе жатыр. Олардың жолға шыққаны ақыл болған екен. Бізді көрмей кеткен тікұшақ озық-созық болып бара жатқан осыларға жолығыпты.
Сол кезде аудан әкімі, қазір облысымыздың ардагер ақсақалы Жақай Бодықбаев былай еске алады: "Ол үш күн менің есімнен кетпейді. Қарбалас, ұйқысыз жұмыс жасадық, 41 адамның өмірі оңай сауда емес. Ол кезде облыс түгел қозғалып жатса да, аудан орталығынан, Қазалы ауданынан ондаған көліктермен милиция қызметкерлерін жұмылдырдық. Тікұшақ қонды дегенде "уф" деп бір дем алдым. Кейін ол кісілермен Тұрмағамбет ауылында клуб үйінде кездестім. Сол кездегі еңбек жасағандарға ауыл ақсақалдары алғысын, рақметін айтты. Маған астыңызға ат мінгіземіз дегені болды. Мен алдым, сіздер өз қажеттеріңізге жаратыңыздар деп тастап кеткен едім.
Ал тікұшақ Кекіреліге қонғанда ол жердегі күтушілердің қуанышында шек болмады, бұлар бізден де жаман әбіржіген екен дейді адасушы Бақыткүл қоштасып кеткен күйеуіне қосылған қуанышын жеткізе алмай.
Міне, қыстың қытымыр бір күні ойланбай шыққан құдалар үшін қандай қиын болды. Абай болайық ағайын!
Ағайша НҰРҒАЛИЕВА
29 қаңтар 2023 ж. 1 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031