» » Қасқыр шапқан түн

Қасқыр шапқан түн

qarmaqshy-tany.kz «Мен оған мылтық кезеп, өзіме өш қылып алдым» деді құтыға құйған ыстық шайын бір жұтып. Қалың қар жауып, дала аққа оранса бір ауық саятшылыққа шығатын ауылдағы көрші жігіттің кәнігі кәсібі еді бұл. Қосауыз мылтығын иыққа асынып, қара айғырын қамшылап азанмен ауыл сыртына шығып бара жатқанын ара-тұра көз шалатын.

Қай кезде олжасының алдын кезетінін сезе ме, әйтеуір келерінде құр қол қайтпайтын. Өзі де қанағатшыл, жомарт жігіт. Алдына кезіккен аңын жанын салып қуып, ата бермейді. Бір-екеуін ұстаса соны бұйырған несібе деп үйіне оралады. Кейде қасына серік болып шыққандардың бірі дымсыз қайтса, қолындағысының бірін бере салады. «Мен олжасыз емеспін, сені үйіңде күтіп отырған жандар бар, солар қуансын» дейтін көрінеді екен, жарықтық. Арасында ауылға ат ізін салып үйіне қонақ болсақ, міндетті түрде жеңгеме қоянның не болмаса қырғауылдың етінен тамақ әзірлетіп алдыңа ас қояды. Сондай-ақ көңіл, жарқын мінезіне риза болмай кету мүмкін емес. Әңгімені де айтқыш. Жақын күнде себептермен ауылға жол түсіп, бұл жолы да көрші жігітке мейман болдық. Ол да қонақжайлылығынан таймады. Құшағын жайып қарсы алып, төрге шығарды. Әдеттегідей жеңгеміздің қырғауылдың жұмсақ етінен дайындаған тәтті тамағынан дәм ауыз тидік. Анадай бұрышта сол баяғы қосауыз мылтық сүйеулі тұр. Қасында оқтары шашылып жатыр. «Олжаңды іздеуге аңға дайындалып жатырмысың?» дедік ашығын сұрап. Көршім аузындағы тамағын жұтынып жатып басын изеді. «Сен де дәл келдің, астыңда жол талғамайтын көлік екен. Мен де қорадағы айғырымды жіберіп қойып ем, уақытың болып асығыс болмасаң саят құрып қайтайық, шықпағаныма көп болды» деді. Демалыстағы адамбыз ғой, өтінішіне қарсылық білдірмей бірден келістік. «Айнагүл, ана термосыңа ыстық шәй құйып бер, тоңып жатсақ бой жылытармыз. Олжамды бір байқап келейін» деп қуанышты жүзбен қаруын жинап, киімін киді.
Көлікке отырып жолға шықтық. Ауылдың сыртына қарай жол көрсетіп, өзінің жаттанды ізіне салды. Түнімен жауған қарды омбылап тегіс қарға көліктің ізін олай да бұлай салып келеміз. Көршім терезені ашып, басын шығарып із бар ма дегендей көз қырын салып қояды. Арасында көлікті тоқтатып алысқа қарап, бағытын өзгертті. Әзірге дала тыныш, қимыл жоқ. Айқыш-ұйқыш төбелерді жол талғамайтын көліктің күшімен бағындырып келеміз. Арасында көршімді әңгімеге тартып қызық оқиғасына құлақ түріп қоямын. Есіне түскенін бірінен соң бірін айтып күлдіріп келеді. Біраз жүрістен кейін көлікті тоқтатып, термостағы шәйі мен мылтығын қолына алды. Қосауызды белінен қайырып екі оқты салып жіберді. Терезеден сыртқа көз тастап, бір болған жайттың шетін шығарып бастады. «Осыдан екі жыл бұрын әдетім бойынша аңға шықтым. Ауылдан ұзап әрі астым. Әншейінде жол кесіп, көкте ұшатын аң, құс кездеспеді. Көп жүрмей астымдағы қара айғырдың құлағы тікірейіп, үрке бастады. Қамшыласам да алға баспады. Байқасам, оң қапталдағы жыңғылдың артында қасқыр тұр екен. Бойым мұздап кетті. Ептеп иығымнан мылтығымды алып оқтап, қасқырға кезедім. Ол да ашулы түр көрсетіп, қозғалмай тұр. Атып алуға дәтім бармады. Мылтықты сәл жоғары көтеріп, шүріппесін басып, әдейі қашсын деп үркіттім. Ол артына қарамай зыта жөнелді» деді ол. Қасқырға аяушылық жасаған көршімнің түсінігі болғанымен түз тағысының түйсігінде өш қалып қойғандай. Сол түні қорадағы малына қасқыр шауып, екі қойын жеп кетіпті. «Қасқырлар текшіл һәм кекшіл келеді. Оған мылтық кезеп оқ атсаң, түбі сенің малыңа шабады. Олар тым сақ әрі айлалы келеді біліп қой» деп көрші әңгімесін тәмамдап орнынан қозғалды. Түз тағысы жолығып қалмасын деп көлікте қалдық. Мылтығын иығына асынған әлгі көршім қамыстың арасымен жүзіп, көрінбей кетті. Алыстан гүрс атылған мылтықтың дауысы. Әне, мергенбісің деген. Қолында қояны, ол- жалы келеді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
08 қаңтар 2023 ж. 1 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 010

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031