» » Газет оқырманымен ғұмырлы

Газет оқырманымен ғұмырлы

БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУДЫҢ КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ ТҮРЛІ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ. БҰЛ ЖОЛЫ ЖЫЛДАҒЫДАН ӨЗГЕРЕК БОЛДЫ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП ТҰРҒАНЫН ЕСКЕРЕ КЕЛЕ ОҚЫРМАНДАР АРАСЫНДА ФОТОБАЙҚАУ ӨТТІ. ЕКІ АПТАҒА СОЗЫЛҒАН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТІП, ҰЖЫМ ЖЕҢІМПАЗ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.


Байқау шарты бойынша тұрғындар аудандық «Қармақшы таңы» газетімен суретке түсуі керек. Идеяға еркіндік берілді. Оқырмандар көңілінен шығып, көп лүпіл жинаған қатысушы жеңіске жетеді. Осылайша «Төл басылым – төрімізде» атты аудандық фотобайқаудың жеңімпаздары суретте жиналған лайк саны арқылы қорытындыланған болатын. Нәтижесінде қызылтамдық зейнеткер Баян Әбікенова ІІІ орынды қанжығасына байласа, 2 жастағы бүлдіршін Айзере Ерсінқызы ІІ орынды иеленді. ІІІ Интернационал ауылының «Бади-Нұр» балабақша ұжымы жүлделі І орын алса, Бас жүлде 2 жастағы кішкентай балақай Жібек Асылжанқызына бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.

– Мен аудан айнасына жазылып, үзбей оқып жүргеніме қаншама жылдың жүзі болды. Өзім кітапханашы болып қызмет атқардым. Заман өзгерген сайын басылым да уақыт ағымымен алға жылжып келеді. Сапасы көңілге қонымды. Мұндағы қаузаған тақырыптар да газет бетін аша түседі. Қызығып оқимын. Бірде келінім ғаламтордан байқау болатынын хабарлады. Ойда-жоқта қатысайық деп газетпен суретке түстім. Мұнда жиналған лүпілмен үшінші орын бұйырды. Негізінен ұтамын деген ой мүлдем ойыма келмепті, – деп ағынан жарылды Баян әжей.
Ал үйіне газет келсе бетін парақтамай қоймайтын кішкентай жеңімпаз балақайлар өз ойын қол шапалақтаумен білдірді. Алғашқы жеңісіне қуанған ата-аналары алғысын айтып, тілегін жеткізді. Алдағы уақытта да мұндай байқаулар жалғасын тауып, ұжымның дәстүрлі үрдісіне айналмақ.

Айнұр ӘЛИ
06 маусым 2020 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 002

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031