» » Қырағы болу – қызметіміз

Қырағы болу – қызметіміз

Қорқыт ата көшесі. Күндегі күйбең тіршілік. Дүкен ішіндегі жұмысын реттеп жүрген Фазила Жалғасбаева көшеде жалғыз жүрген кішкентай қызды көзі шалды. Айналасына қарап еді, ешкім көрінбеді. Дереу жанына барып:
– Балақай, қайдан жүрсің?
– Үйің қайда?
– Кіммен жүрсің?
Қойылған сұрақтың барлығы жауапсыз. Анасын іздеп жылаған періште. Не істерін білмеген Фазила апай, жалғыз жүрген балақайды далада қалдырмай дүкеніне әкеледі. Баланың көңілін таппаққа түрлі тәтті беріп, жылаған сәбиді тыныштандырады. Мән-жайды отағасына айтып, екеуі дереу 102-ні теріп, аудандық полиция бөліміне кішкене қыз баланы тауып алғанын хабарлайды.
Бұл – жақында ауданымызда орын алған жайдың бірі. Үйінен шығып кеткен кішкене қыз адасып қалып, өз үйінен біршама алыстап кеткен. Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне түскен қоңыраудан кейін, шұғыл түрде жедел тергеу тобы құрылып, іске кіріседі. Жеке құрамды хабарландырып, жылдамдатылған режимде жүргізілген іс-шаралар нәтижесін берді. Сол аймақтың учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Ержан Нұғманов, Жасұлан Исмайловтар аса қырағылық танытып, іздеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде ата-анасын анықтап, оларға періштесін аман-есен табыстады. Бұл – олардың ел үшін етіп жүрген еңбектерінің бір парасы ғана. Олар мұндай оқиғамен күн сайын бетбе-бет келуі мүмкін. Ал ата-ана үшін бұл жағдайдың оңайға соқпағаны анық. Көз алдында ойнап жүрген бауыр еті баласын жоғалтып алу – үлкен қорқыныш.
– Баланың қимылы шалт емес пе? Есіктің алдында ойнап жүрген еді. Үй тірлігімен назарым басқаға ауғанда көз жазып қалдық. Ойым сан-саққа кетті. Балапанымды аман-есен табыстаған аймақтың учаскелік полицияларына, жедел әрекет еткен аудандық полиция бөліміне, қызымды көшеде қараусыз қалдырмай мейірімділік танытқан Ербол ағай мен Фазила апайға алғысым шексіз. Ешқандай анаға мұндай сынақ бермесе екен, – дейді анасы Ақтолқын іштегін толқынысын баса алмай. Ал полиция қызметкерлері өздерін ерлік істедік деп санамайды. «Бұл – біздің азаматтық борышымыз» дейді.
Иә, ешбір адамды баламен сынамаса дейміз. Бала – өмірдің мәні. Бұл оқиға жүрегі кең мейірімді жандар мен өз ісінің білікті мамандарының еңбегін тағы бір дәлелдей түскендей. Олар – бүгінгі бейбіт күннің батырлары.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
02 маусым 2020 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 002

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031