» » Қырықаяқ туған қыз...

Қырықаяқ туған қыз...

Адам сенгісіз осы бір оқиғаны «Алаш айнасы» порталының оқырмандарының назарына ұсынып отырмын. Бұл оқиғаны маған анам айтып берген еді. Бұл оқиға анамның құрбысының басынан өткен екен. «Ол кезде біз құрбылармен бірге жатақханада тұратын едік» деп анам сөзін бастады...


Қыс мезгілінде далада киім кеппегендіктен, жуылған киімдерімізді жылыту батареяларына жайып қоятынбыз. Сөйтіп, таңертен сол киімдерді кеуіп тұрған жерінен киіп кете салатын едік.
Көктем шығып, сабақ аяқталуға аз қалған. Мамыр айы болатын. Бірге оқитын курстасымыз Жанардың бойынан өзгерістер байқала бастады. Оның денесі толысып, ішінің өсе бастағанын байқадық. Мінезінде де өзгерістер пайда болды. Бұрын жарқылдап жүретін, ашық мінезді қыз елден оқшаулануды шығарды. Бойында тұйық мінез пайда болды.
Бәріміз де Жанардың аяғы ауыр деп ойладық. Бірақ жігітпен жақын болғанын байқаған емеспіз. Десе де, айналасындағылар Жанарды сырттай кінәлай бастады. Мәселенің байыбына жетпей жатып, оны кінәлап, жер жебіріне жеткендер де табылды.
Ал, Жанар маған өзінің шын мәнінде таза екенін, ешқашан жігітпен жыныстық жақындықта болмағанын айтты. Алайда ол жайлы елдің бәріне айта бермейді ғой. Ал менің айтқаныма, өзге түгілі қасымыздағы құрбыларымыз да сенбеді.
Жанарға туған-туыстары да сенбеді. Тіпті ағалары оны ұрып-соғуға дейін барды. Бөлмесіне қамап ешқайда шығармай тастады.
Алайда, Жанар өзіне не болғанын түсіне алмады. Бойындағы өзгеріске қандай түсінік берерін де білмеді. Оқытушылар да Жанарға сенбей, сырт айналады, ақыры оқуды тастап кетуге мәжбүр болды.
Кейін анасы Жанарды дәрігерге апарып, тексеруден өткізген. Бірақта дәрігерлер Жанардың қыздық пердесінің бұзылмағанын, бейкүнә екенін айтыпты.
Алайда УЗИ аппараты Жанардың ішінде түсініксіз нәрсенің өсіп келе жатқанын анықтаған. Дәрігер анасына Жанардың жалпы жағдайы жақсы екенін айтыпты. Бірақ іште өсіп келе жатқан нәрсенің не екенін нақты біле алмаған. Сондықтан да Жанардың іштегі ұл немесе қыз екені белгісіз деп шығарып салады.
Жанардың ішінің көлеміне қарай, дәрігерлер бала шамамен 6-айлық деп болжапты. Сондықтан жасанды түсік жасатуға кеш депті. Үйіндегілер де «ақыры басқа түскен осы» деп көнеді. Сөйтіп жүктілігі 9-шы айға жетеді. Ай күні жеткенде Жанарды ауруханаға жатқызады.
Алайда, дәрігерлер Жанардың ішіндегіні біле алмай дал болады. Жанардың босанатын уақыты жеткен соң, әдеттегідей толғағы басталып, 3-күнге жалғасады. Өздігінен босана алмаған соң, дәрігерлер ота жасайды. Ота жасаған дәрігерлер іштегі нәрсені көргенде таң қалады. Олар Жанардың ішінен адам шошырлық мақұлықты көреді. Жанардың ішінен қаптаған аяқтары бар, салмағы бір келіден асатын, үсті-басын ақ түк басқан, жиіркенішті жәндік шығады. Мақұлықты іштен алып шыққан дәрігер, қорыққаннан қолынан түсіріп алады. Жерге түсіп кеткен жәндік сияқты мақұлық қаптаған аяқтарын жыбырлатып, жылжып жүре бастайды. Дәрігерлердің бәрі аң-таң. Есін жиған дәрігерлер жәндікті ұстап алып зертханаға тапсырады.
Ал Жанар болса наркоздан оянған соң «балам қайда» деп дәрігерге маза бермейді. Дәрігерлер сұраққа жауап беруден жалтарады. Бірнеше сағаттардан кейін зертхана қызметкерлері, бұл жәндіктің ҚЫРЫҚАЯҚ екенін анықтапты. Жанар болса, аурухананы басына көтеріп «баласын» көрсетуді талап етеді. Алайда, дәрігерлердің шындықты айтуға батылдары жетпейді. Қоярда қоймаған соң, ақыры әлгі жәндікті көрсетеді. Қырықаяқты көрген Жанар, төбесінен жай түскендей болып, өз көзіне өзі сенбей, есінен танып қалады.
Отбасы да бұл жайды көздерімен көріп, істеген істеріне қатты өкінеді. Жанар есін жиса болды, әлгі жәндік көзіне елестеп, есінен адасып, ақыры жындыханаға түседі. Осылайша жас қыздың өмірінің күл талқаны шықты.
Мамамның айтуынша, жылу батареясына жайылған киімнің ішіне кіріп алған қырықаяқ Жанардың құрсағына кіріп кеткен болса керек. Алайда, дәрігерлер оған қандай да бір түсінік бере алмапты.


06 қазан 2019 ж. 4 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031