» » БОМЖ (Өте әсерлі әңгіме!)

БОМЖ (Өте әсерлі әңгіме!)


Көшедегі үй-күйі жоқ қайыршы (бомж) көп кездестіреміз. Олардың барлығы бір-біріне қатты ұқсас: беттері ісіңкі, қызарып, қалжыраған жүздер мен жарым жан, түссіз көз, бір қарағанға ешнәрсе аңғартпайтын жанарлар. Бейне бір бұл адамдар баяғыда мерт болған секілді, ал олардың денесі болса жоспарланған бір нәрселерді ғана жасап жүрген сияқты көрінеді.
Олардан үнемі жаман иіс мүңкіп тұрады. Қолындағы әйнек ыдысын аз ақшаға сатып, ішімдік алады. Алайда ішімдіктің әсерінен өздерін тіпті кәдімгі мас адамдар секілді ұстамайды: ән айтпайды, бос әңгіме айтпайды. Тек қана бөгеліп, көшенің қақ ортасында бір орында қатады да тұрады. Таң сәріден қоқыс жәшіктерін аралап, күні бойы соны күзетумен жүретін қайыршының (бомж) әдеттегі түрі осындай.
Осы адамдар көшеде қаңғып қалмас бұрын кім болған екен деп ойлайтынмын. Бәлкім олардың ата- аналары, отбасы, жұмысы болған шығар. Бірақ бұл келген тосын ойлар тез арада жоқ болатын да мен өз қызығым өзіммен болып кете беретінмін.
Осындай ой үйімнің алдындағы қоқыс жәшігін ақтарып жатқан мойынында мойын орағышы бар бір қайыршыны (бомж) көргенде келген еді. Мені таңқалдырған жайт, ол өзінің тапқан сасық табысын үлкен жол сөмкесіне салып жатты. Сөмкесін де көшеден тапқанға ұқсайды.
Ол біздің үйіміздің ауласында жиі көрінетін болып кетті. Пайдалы жер тапқаны көрініп тұр, қаланың қақ ортасында ауқаттылар тұрады емес пе? Тамақ толы дастарханан біраз нәрселерді лақтырып тастайды, аш кезбе оны алып не жеп я болмаса қажеттілігіне жұмсайды. Мен оған қарамауға тырысатынмын, себебі үнемі қоқыс жәшіктің жанында қай көрші қандай қоқыс әкеледі екен деп отырған адам маған жағымсыз көрінетін.
Бір күні мен оның қалай тамақ жейтінін көрдім. Умаждалған қағаздың үстінде жан-жағы тістелген нанның жатқаны мендегі ыстық аяушылықты тудырғанын білсеңіздер ғой! Одан басқа ешнәрсе жоқ еді.
Қайыршы баяу әрі ойға шома отырып шайнап отырды, ал менің кеңірдегіме кесек тұрды да қалды. Күні бойы осы бір көріністі ұмыта алмадым: селдете жауған жаңбыр астында, жол бойында кір қағаз үстіндегі бір тілім нан.
Түнде ұйықтар алдында осы адамға дұға етпек болдым. Мен Алладан оның күнәларын кешіріп, оған ризық пен баспана берші деп сұрадым.
Келесі күні әлгі адамды тағы да жолықтырдым. Ыңғайсыздық сезімі мен оның сасық иісінен жиіркеніш сезімін жеңіп, қалтамнан тиын тебенімді алып оған ұсындым. Ол маған қарамастан оны алып, кір басқан қолымен кірлете ақырын қалтасына салды да ары қарай қоқысты ақтара бастады.
Келесі жолы мен оған тағы да аз ақша бердім. Ол маған қарады, көптен бері ұшқынсыз қалған көз жанарында қызығушылық танытқан ұшқын пайда болды. Оған үшінші рет ақша берген кезімде «рахмет» деп мыңқ еткендей болды.
Осылайша әсте-әсте осы адам екеуміздің арамызда байланыс пайда болды. Не болса да сол кезері мен оған жер бетіндегі ең жақын адамы болдым. Кездескен кезде ол маған бас шұлғитын болды, дәруменсіздік пен кірден жарылып кеткен ерні күлімсірей бастады.
Осы бір қатыгез күн менің есімнен кетпейді. Бір күні аулаға шыққан кезде дүкен жанындағы қоқыс жәшігінің қасында өзінің ұсақ-түйек заттарымен жайғасқан менің қайыршыма милиционер келді.
Мен оны алып кете ме деген қорқыныштан қатып қалдым. Алайда әскери киімдегі адамға онымен әуреге түсу жиіркенішті болды- ау деймін. Ол оны дөрекілікпен итеріп, «Жоғал!» деп айқайлап, аяғымен сөмкесін теуіп жіберген еді ол ұшып барып жерге құлады. Ал оның ішіндегі бір тілім нан мен қызанақ шалшыққа қарай домалап кетті.
Қайыршы үнсіз орнынан тұрып, су болған нанды алып, құнттай отырып қайтадан сөмкесіне салып, кете барды. Аяушылық пен жан ашырлықтан тұншығып барам! Қарны тоқ милиционерге барып, неге ғана аш адамды нанынан айырдың дегім келді. Бірақ мен тек қана жұдырығымды түйе қарап тұрдым. Не істей алар едім, менің жасым бар-жоғы 16 ғана. Әрі тәртіп сақшыларымен байланысқа түсуге өзім де қорықтым.
Осыдан соң бір апта бойы әлгі қайыршы көрінбей кетті. Осы адам үшін әр күні дұға еттім. Тіпті ол енді келмейтін шығар деп, оны сағына бастадым. Бір апта өткен соң біздің ауланың қоқыс жәшігінің жанынан оны қайтадан көрген кезде қуанышымда шек болмады.
Дәл осы күні анам сөрелердегі ескі киімдерді реттеген еді. Мен анама жақындап ауладағы қайыршыны байқады ма жоқ па сұрамадым, осыдан соң оған ескі аяқ киім мен жейделер тауып беруін өтіндім. Анам киім-кешектерді жинап берген соң, қоқыс жәшігінң жанында ұйықтап жатқан еркектің жанына қойдым. Ол көзін ашып сөмке толы заттарды көрген кезде, асықпай ақтарып алсын деп қашып кеттім.
Осы күні менің жоспарым пісіп-жетілді. Мен бұл адамға Құран сыйламақ болып шештім. Мен оның мұсылман екендігін әлде емес екендігін білмедім, тіпті бұрын кім болғанын, не істегенін де білмедім. Бір білгенім, егер оның қолында Құран болар болса, ол өзінің рухын сақтап қалатыны.
Жастық жалын мен сезім қолына Құран ұстаған адам теріс жолмен жүрмейді деп үміттендерді. Ол әдеттегінше кір-қожалақ, жыртық болып жүре берсе де жан дүниесі тазаланып, сәулеленеді.
Мен көп қиналдым, шешімге келе алмай уайымдадым. Бір күні дұға етіп отырып, беруге дайын екенімді сездім. Алдын ала сатып әкеліп дайындап қойған Қасиетті Құранды орамалға орап, қайыршымды іздеуге шықтым.
Оны көп іздеп жүрген жоқпын. Ол өзінің «жұмыс орнында» отыр екен. Біраз ақша бердім де қолына түйіншекті ұстаттым. Ол маған сұраулы жүзімен қарап қалды, ал мен болсам тек күлімсіреп тұрдым. Қанша уақыттан бері таныс болып қалсақ та біз бір-бірімізбен сөйлескен жоқпыз.
Осыдан соң біз мүлде көріспей кеттік. Мен емтихандарымды тапсырып жүрдім де ол туралы ойлауға мүлде уақыт болмай кетті.
Менің жолым болып, түрік университетіне оқуға түстім. Қаладан кетіп, студентік өмірдің қызығына баспен кіріп кеттім. Уақыт өте келе мен ауладағы досымды ұмыта бастадым. Бір жылдан соң демалыста үйіме келдім. Туыстарым, достарым! Мен бақытты едім!
Бір кеште мен сыныптастарыммен кездесіп, үйіме келе жатқан едім, бір ер адамның дауысы тоқтатты. Тосыннан шыққан дауысқа есім шығып қалды. Артыма қарасам ер адам тұр екен. Жаман оймен мұны ұры деп ойладым да қашпақшы болып тұр едім, бір нәрсе ұстап қалды. Қорқыныш ұстап қалды ма, әлде басқа нәрсе ма әлгі адамның даусы жұмсақ екен, ол маған зиян бермес деген ой келді.
— Не керек саған? — деп мыңқ еттім.
— Бауырым, сен жақсы адамсың. Мен сенің осы жерде тұратыныңды білемін, сенің үйіңе келгеніңді көріп қасыңа келуге бел байладым. Айтайын дегенім, бұл жерде сенен басқа менің ешкімім жоқ. Рахмет саған, жігітім.
Осы кезде барып оны таныдым. Бұл менің қайыршым болатын. Оның үстінде мен үйден алып шығып берген менің әкемнің ескі жейдесі мен аяқ киімі болды. Ол таза әрі ұқыпты болып тұр. Жұпыны киінсе де сақал-мұртын қырған, шашын алған тәп-тәуір адам.
— Әссәләмуғалейкум,- деп ұялғанымнан міңгірледім. Өйткені біз ешқашан да сөйлеспеген едік қой.
-Уағалейкумәссәләм! Есіңде ме, сен маған кітап сыйлаған едің ғой. оны көрген кезде мен ұзақ жыладым. Сол кезде мен өзімнің даладағы қаңғыбас ит емес екенімді түсіндім. Сен берген киімдерді киіп, ұстара сатып алдым да туыстарымның үйіне барып, жуынып-шайындым. Осыдан соң жұмыс іздей бастадым. Алғашында жүк сүйреуші болдым, кейін есік алдын сыпырдым, ал қазыр, Құдайдың көмегімен қоймада күзетшімін. Сол жерде ұйықтаймын, ал күндіз жүк тасып жұмыс істеймін. Мен намаз бастадым. Сені тауып алған себебім, алғыс айтпақшымын. Сен өмірде маған көмекші болдың, бауырым, мен саған қарыздармын.
Жүрегімді қандай қуаныш билегенін білсеңіздер ғой. Қолын ыстық қысып, оған былай дедім:
— «Аллаға шүкір! Сізді мен емес, Алла сақтап қалды! Субхан Алла!»
Ол менің қолымды күлімдей қысып біраз тұрды да қоштасып кете барды. Мен үйіме жүгіріп кіре сала, бөлмемнің есігін жауып алып, Алла Тағалаға мадақ ретінде осы адамның себебімен менің жүрегімі нұрландырғаны үшін және де жасаған амалымның жемісін көргенім үшін екі рет сәжде жасадым.
Алла Ұлық!
Ислам жайлы білуге қақылы адамдардың барын ұмытпайықшы?!
Исламға шақыру – әрбір мұсылманның борышы.
Ақиқатты жылы сөзбен жеткізейік!
izdeu.info
21 сәуір 2019 ж. 2 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031