
ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ЖЕҢІС ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...» деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, күркіреп өткен, қаншама адамды шалғындай жапырып, дүниені астаң-кестең еткен, бес жыл бойы, дәлірегі 1418 күн, 1418 түн талайды қар жастандырып, мұз төсендірген сұрапыл Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл – 80 жыл...



















