» » Жол жүрісі қағидаларын сақтамайтын кімдер

Жол жүрісі қағидаларын сақтамайтын кімдер

Соңғы уақытта жол жүрісіне қатысушылардың арасында электрлік өздігінен жүретін машина (электросамокат) сияқты көлік құралдарының түрлерін пайдалану кеңінен таралып барады. Бұл ретте оларды басқаратын адамдар Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) барлық уақытта сақтамайды, бұл жол-көлік оқиғасын жасауға және әртүрлі жанжалды ахуалдың туындауына әкеп соқтырады.
Сонымен бірге электрлік өздігінен жүретін машина «мопед» – көлік құ­рал­дарының санатына жататынын атап өткен жөн.
Мәселен «Жол жүрісі туралы» Заңға сәйкес мопед – цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электрлі қоз­ғалтқышпен жабдықталған жә­­не ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километр­ден аспайтын екі немесе үш дөң­гелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамасы бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі (оның ішінде электрлік өздігінен жүретін машиналар).
Көрсетілген көлікті басқаратын адам жүргізуші болып табылады, жол жүрісі қағидаларын білуі және сақтауы тиіс. Электрлік өздігінен жүретін машиналарды басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі. Бұл ретте жүргізуші куәлігін алу талап етілмейді.
Мопедтердің жүруіне қосымша талаптар Жол жүрісі қа­ғидаларының 24-бөлімінде айқындалған. Мәселен осы бөлімге сәйкес мопедтер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүреді. Олар болмаған жағ­дайда жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде мар­шруттық көлік құралдарына ар­налған жолақпен, бір қатармен жүреді.
Жаяу жүргінші өтпелері бойынша жүруге электрлік өздігінен жүретін көліктің жүргізушілеріне тыйым салынған. Сонымен қатар көрсетілген қатысушыларға бір қолымен болса да ұстанбай жүруге; жолаушылар тасымалдауға; ұзындығы немесе ені бойынша елу сантиметрден асып шығып тұратын габариттегі жүкті немесе көлікті басқаруға бөгет жасайтын жүкті тасымалдауға; жанында велосипед жолы бар жолда жүруге; солға бұрылуға немесе трамвай жүретін жолдарда және осы бағыттағы жүруге арналған бірден артық жолағы бар жолдарда кері бұрылуға, велосипедтер мен мопедтерді сүйретуге тыйым салынған.
ЖЖҚ 19-бөлімі 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тәуліктің қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан көрінуі жеткіліксіз жағдайда, сондай-ақ тоннельде мопедтерде габариттік оттар мен алыс және жақын жарық фаралары іске қосылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер де көрсетілген жол жүрісіне қатысушылардың ЖЖҚ бұзушылығы жәбiрленушiнiң денсаулығына қыл­мыстық жазаланатын іс-әрекет бел­гiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал кел­тiрсе, онда аталған жағдай ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігіне сәйкес саралауға жатады және он айлық есептiк көр­сеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған сәйкес электрлік өз­дігінен жүретін машина жүргізу­шілерінің міндеттері мен құқықтарын түсіндіре отырып, жол жүрісіне қатысушылардың ЖЖҚ сақтауын, сондай-ақ әкімшілік заңнама нормаларын бұзушылықтарға жол бермеулерін сұраймыз.

Қармақшы ауданының
полиция бөлімі
07 тамыз 2019 ж. 1 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 154

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930