» » Сауабы мол игі іс

Сауабы мол игі іс


Жаратқанның ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп Рамазан айында ораза ұстаушылардың қатары көбеймесе азайған емес. Әсіресе, мұсылманның парызын орындауға жас­тар ынталы.

Сондай-ақ, қасиетті айда қайырым­дылық танытуға, игілікті шаралар атқаруға ынталылар қатары да арта түсуде. Рамазан айында шамасы келгендердің жыл сайын атқаратын сауабы мол шараларының бірі – ораза ұстап, ауыз бекіткен жандарға ауызашар беру. Бүгінде қасиетті айдың әр кешінде ораза ұстаған жамағат үшін «Ораз ахун» орталық мешіті сауапты ісін жалғастырып келеді.


Жұма күні орталық мешітте, 20 жылдық кездесумен №30 мектептің 1999 жылы бітірген түлектері өмірден ерте озған сыныптас достарын еске ала отырып, ас беріп әрі аузы берік мешіт жамағатына ауыза­шар ұйымдастырды. Түлектердің шына­йы ниетімен жайылған дастарханынан ақ­сақалдар, орта буын өкілдері және им­андылықты серік еткен жастар дәм татты.




Игі іске үн қосып, сауапты істе жарысқан мектеп түлектеріне «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрболат Рахметуллаев алғысын айтып, бес парыздың бірін орындап, ораза тұтқан жамағатқа «ниет қабыл болып, ізгі амалдарға сауаптан жазсын» деген тілегін білдірді.
Ауызашар соңында Құран оқылып, өмірден ерте кеткен жандардың рухына арнайылап дұға жасалды.
       Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
29 мамыр 2019 ж. 1 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 581
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031