ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА...
Кеше ғана жаңа оқу жылына жоспар жасасақ, бүгін сол межемізге жетіп, тағы бір жылды табысты аяқтадық. Санаулы сәтте ҰБТ тапсырамыз. Оған да түлектер тас-түйін дайын. Одан бөлек жыл бойғы пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында жеткен жетістіктер қаншама. Ғылыми жоба дейміз-ау. Әнәугүні жүрдек пойызда оқушы қызбен сапарлас болдым. Әлгі қыз баланың жанары жанып тұр. Зерек оқушы екені зерделей сөйлегенінен сезіледі. Жол қысқарсын деп әңгімелесе отырдық. Алматы қаласынан келеді. Республикалық ғылыми жоба байқауында жеңімпаз атаныпты. Қандай жақсы жаңалық. Ғылым, ғылыми жоба – ізденіс үстіндегі адамның тірлігі. Ғылыми тұрғыда жаңалық ашу оңай емес. Жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың өзінің ғылыми еңбек жазуы жылдарды қажет етеді. Мұны оқушының көп ізденуі арқылы ғылымға бейімделуі десек болады. Осынау жаһандану, жаңа технологияға қадам басқан сәтте неғұрлым баланы ғылымға бейімдегеніміз дұрыс-ақ. Қабілеті бар оқушыны жетектеп, жол көрсетіп, технологияны игеруге икемдеуіміз керек. Ғылымды біреудің күші, ақшамен емес ынтамен игеру арқылы ғана нәтижеге жетеміз. Ол екінің бірінің қолынан келмейді. Мектепте 500-600-дей бала оқуы мүмкін, бірақ соның ішінде бір оқушы ғана ерекше дарынын байқатады. Бала бойындағы талантқа көз жеткізіп, одан әрі өрбітуге, ұштауға, қатарласының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау – мұғалімге артылған жүк. Қандай да болмасын зерттеу баланың дүниетанымын кеңейтеді. Мәлімет жинау, салыстыру, ақпарат түрлеріне сілтеме жасау, есеп жүргізуді үйретеді. Егер зерттеу жұмысы математика, физика пәндеріне қатысты болса күнделікті зертханада тәжірибе жүргізе алады.
Бұрын ғылыми жоба байқауларынан жүлделі орын алғандарға грант бөлінетін. Қазір бұл алынып тасталса да оқушылардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығы азайған жоқ. Не себеп? Өйткені мұндай байқауға қатысатын балалар бойынан бірінші өзіне деген сенім, білімге құштарлық, ойын ашық әрі еркін жеткізу, көп алдында тосылмай сөйлеу қабілеттерін анық аңғарасың. Осындай жобаға бала баулып жүрген білікті ұстаздар бар бізде. Олардың еңбегі еш кетпеді деуге болады. Себебі бірнеше жыл тыңғылықты дайындап, ғылыми жобалар байқауына қосқан шәкірттері сенімді ақтаған.
№274 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марихан Демеуова – Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері». Салада 31 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты ұстаз. Республикалық байқауда жақсы жетістікке жеткен шәкіртінің бірі Зарина Налибаева 11-сыныпта оқиды. Филологиядан Асқар Алтайдың «Кентавр» әңгімесінің көркем антропологиялық ерекшеліктеріндегі тілдік қолданыстарды зерттеген. Күрделі тақырып. Дей тұрғанмен оқушы қабілеті осы жұмысты алып шығуға жетіп тұр. Ғылыми жетекшісі Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлшат Камзаева.
Ұстаздың Айжан Сыланова есімді тағы бір шәкірті 2017 жылы республикалық байқауда Шерхан Мұртазаның «Тамұқ» романындағы «Әке мен бала тағдырын» зерттеген. Ұстаз 5-сыныптан бастап жазуға икемі бар оқушыны дайындайды. Еңбегі нәтижесіз болмапты. «Алтын белгі» иегері атанған шәкірті журналистика факультетіне грант арқылы оқуға түскен. Ғылыми жобаға қатысқанының пайдасы сол шығармашылық конкурста жеткен жетістігі ескеріліп, 40 балл бірден қойылған.
– Ғылыми жобаға қызығушылығым Айжан Сыланова республикалық ғылыми жобалар конкурсынан күміс медальмен оралғанда оянды. Мен де тақырып алайын деп, ұстазыма өтініш жасадым. 9-сыныптың сәуір айында тақырып таңдап, зерттеуімді бастап кеттім. Тақырып қазіргі заман жазушысының шындыққа құрылған шығармасына байланысты. Шығарманы оқу барысында қызығушылығым тіпті күшейді. Облыстық сайыстан бас жүлдені иеленгендегі қуанышым шексіз. Республикалық кезең Алматыда өткізілді. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Беделді университеттерден кандидат, докторлар қазылық етті. Солардың алдында жоба қорғау – мен үшін үлкен жетістік болды. Жоба қорғаудың жақсы жақтары өте көп. Мысалы зерттеп, жазғаның, ізденгендегі тәжірибең болашағыңмен сабақтас. Сондықтан ғылыми жоба сайыстары жиі өткізіліп тұру керек деп ойлаймын, – дейді №274 мектептің 11-сынып оқушысы Зарина Налибаева. Заринаның да журналистика саласына оқуға түссем деген ниеті бар. Павлодар қаласында І республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларына қатысқан. Мәшһүр Жүсіп шығармалары және ұлы даланың ұлы тұлғалары бағыты бойынша М.Көпейұлының фольклорлық қолжазбаларындағы батырлар бейнесі туралы талдау жасап, бас жүлдені иеленді. Бұл да оқушы ізденісінің нәтижесі.
2015 жылы «Үздік ғылыми жетекші» номинациясын жеңіп алған тағы бір білікті ұстаз Гүлжанат Нұрмаханова №106 орта мектептің мұғалімі. Ол республикалық ғылыми жоба сайысына 3 рет оқушы қатыстырған. Баланы 2-сыныптан бастап баулиды. Жас ерекшелігіне қарай тақырып таңдайды. Бастауыш сынып оқушысы Жібек Бижанова 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсында «Математика және сиқырлы сандар әлемі» тақырыбында жоба қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңіске жеткен дарынды оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалуға жолдама алыпты. Мұғалімнің тәжірибелі екені, ғылымға аса бейінділігі сөйлеген әр нық сөзінен белгілі. Ізденімпаз ұстаз жоба қорғау жұмысын жалғастыра беретінін айтады. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тәжігүл Әбенованың айтуынша, дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету оның болашағына ерекше әсер береді. Баланың өз біліміне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміздің өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымымен астасып жатады. Ең алдымен оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс. Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылады. Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасалғаны орынды. Ол өзіндік шешім қабылдауына, ғылыми жетекшілік жасайтын ұстазбен тығыз байланыс орнатуына ықпал етпек. Сондай-ақ
дистанциялық оқуды ұйымдастыру және әр түрлі интеллектуалдық ойынға, семинарға, сайысқа, шараға қатыстыру, ойын ұтымды жеткізуге тәрбиелейді. Ауданымыздағы барлық жалпы білім беретін мектептер әрбір жылдың ақпан мен наурызы аралығында ғылыми жоба конкурсына қатысатын оқушыны базаға жинақтап, облыстық «Дарын» ғылыми зерттеу орталығына жолдайды. Ал ауданда тіркелген зерттеу жұмысының тақырыбы тамызда қайта нақтыланып, ағымдағы жылдың 5-ші қыркүйегіне дейін облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығына кешікпей тіркеледі. Ғылыми конкурс 4 кезеңде өтеді. Мектепішілік, аудандық облыстық. Іріктеу кезеңі екі турда өткізіледі: бірінші туры – бейіндік пән бойынша тестілеу, екінші туры – жобаны алдын ала сараптау, қорытынды кезеңі – республикалық. Бұған ғылымға нақты бейімі бар баланы баулу қажет. Егер оқушы ғылыми жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері, ғылыми жобамен айналысатын ұстаздармен тікелей жұмыс жүргізетін Т. Әбенова.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңіне 2018-2019 оқу жылы бойынша 36 оқушы қатысқан. Нәтижесінде облыстық кезеңге жолдама алған 35 оқушының 15-і жеңімпаз атанған.
Алдағы уақытта ұстаздар қауымы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек ете бермек.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».